////

Баланың жазығы не? Азаматтық белсенді Абзал Достияровты полицейлер қызымен бірге қамаған

2599 рет қаралды
1
Қаралы Қаңтар оқиғасына бір жыл толған уақытта қоғам белсенділерінің ізін аңдыған полицейлер Алматы қаласында “Демократиялық партияның” белсендіcі Абзал Достияровтың қызын балабақшаға апара жатқан жерінен ұстап әкетеді.
Белсенді баласы психологиялық травма алғанын айтады.
Төрт жасар бүлдіршінді үйіне апарып тастауды өтінген оның бұл өтініші аяқасты етілген. Кейін болған оқиғаны желіге бөліскен Абзал Достияров полицейлердің заңсыз әрекетін әшкерелейтін видеоны бөліседі. Бұл оқиға желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшіліктің ашу-ызасын тудырған бұл оқиғаға желідегі белсенділер Мәжіліс және Сенат депутаттарын тэгтеп, баланың көзінше әкесіне әлімжеттік көрсеткен, сөйтіп балаға психологиялық травма жасаған Алматы қаласы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін жауапқа тартуды және бала құқығын аяққа таптаған полицейлердің жазасын беруді сұрауда.
 
 
 
Молдияр Ергебеков, Медиа зерттеушісі, профессор: 

БҮЛДІРШІННІҢ ТҰТҚЫНДАЛУЫ ДЕГЕН НЕ СҰМДЫҚ?

– Себепті яки себепсіз елдің кәмелет жасқа толған азаматын тұтқындау, ұстап әкету, күштеп әкету істеріндегі заңның сақталып сақталмағанын тергемей-ақ қойдым. Бүлдіршіннің тұтқындалуы деген не сұмдық? Оның не жазығы бар? Бала дегенде аққан су тоқтап қалу керек. Зорлық-зомбылыққа сүйенетін қауіпсіздік, қауіпсіздік емес. Ол — қылмыс. Кішкентай, 4 жасар бүлдіршінге бұл озбырлықты, бұл травманы жасау үшін қандай қатыгез болу керек? Балабақша жолынан алып қалу, не деген сұмдық? “Бүгін оқымайсың” деуге кімнің құқы бар? Біле білсеңдер күллі білім беру ошақтары мемлекеттің идеологиялық аппараты. Мына елді сүй десең, сол елдің идеологиялық білім беру ошағынан баланы алып қалу қандай жаман қарама-қайшылық. “Құқық қорғаушылардың” бұл әрекетіне қай жақтан қарасаң да еш мән жоқ! Алайда соншалықты аяусыз, мейірімсіз, мәдениетсіз. Варварлық! Бұл жағдайға неліктен билік өкілдері, неліктен @unicefkazakhstan үнсіз қалады?
 Тез арада конституциялық сот өз ісіне кірісіп, бұл мәселе бойынша іс қозғауы тиіс!
 

Танакөз Толқынқызы, ақын:

ҚАЗАҚСТАН — ҮЛКЕН ТҮРМЕ МЕ?

Мына видеоматериалда көргеніміздей, қоғам белсендісі Абзал Достияровтың 4 жасар қызының осылай қамауға алынуы заңды ма?
Бұл жерде сәбидің құқығы сақталған ба?
4 жасар сәбидің қандай құқықтары бар?
Мен көпбалалы ана ретінде осы сұрақтың жауабын алғым келеді.
Және осы үш тұлғаның бұл мәселені парламент мінберінде депутаттық сауал жолдау арқылы көтергенін және қоғам көкейінде тұрған сұрақтың нақты жауабын бергенін қалаймын.
Қазақстан — үлкен түрме ме?
Жоқ әділет деген ұғымның мағынасы өзгеріп кеткен бе?
 
Ұларбек Дәлейұлы, журналист:
 
ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ БАЛА ЕРКІН ӨМІР СҮРУГЕ БОЛМАЙ МА?
Фашистердің Ғаламдық екінші соғыс жылдары Полшада құрған «Собибор» конц. лагері, ондағы адам жағатын пеш, азапты еңбек алаңы әлемнің есінде.
Сонда бір тұтқын әйел сәбиін сөмкеге салып ұрлап кіріп, жасырын бағып жүреді. Қасындағы тілеулес әйелдермен бірге қанша жасырса да, ақыры лагерде күзет бастығының көзіне түсіп қалады. Сондағы анау лағнеттің баланы өртеуге әкетпек болып тұрып: «Собиборда бала өмір сүрмейді!» дейтін жиіркенішті сөзі еске түсіп кетті.
Ол зұлмат жылдар еді.
Ал, қазір жаңа заман ғой. Адам құқы, оның ішінде бала құқы деген тармақ ерекше статуспен қорғалуы керек еді.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар