///

Әйгерім Құсайынқызы: Құқық қорғау органдары баланы қорғаудың орнына қорлап отыр

1863 рет қаралды
Қаралы Қаңтар оқиғасына бір жыл толған уақытта қоғам белсенділерінің ізін аңдыған полицейлер Алматы қаласында “Демократиялық партияның” белсендіcі Абзал Достияровтың қызын балабақшаға апара жатқан жерінен ұстап әкетеді.
Белсенді баласы психологиялық травма алғанын айтады. Біз осы мәселеге орай Халықаралық құқық маманы Әйгерім Құсайынқызына хабарласып, пікірін білген едік. 

– Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары туралы 2002 жылғы заң келесідей Преамбуламен басталады: Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

– Абзал Достияровтың баласына қатысты қандай принцип бұзылған деп ойлайсыз?

– Меніңше, барлық.  Қазақстан ратификациялаған Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы – балалардың құқықтарын қорғауға өзіне міндеттеме алған елдерде ратификацияланған маңызды келісім. Бірақ бұл келісім “Балалар жылы” деп жарияланған 2022 жылы дөрекі түрде талай бұзылып, 2023 жылы да жалғасын табатындай әсер қалдырды.

Заңда, халықаралық құжаттардағы еліміздің міндеттемелері анық көрсетілген, бірақ соны орындамағаны үшін еліміз ең алдымен өзге мемлекеттер алдында ақталуды емес, өз азаматтары алдында түсініктеме беру мен кешірім сұрауды үйренуі аса маңызды. Бала құқығын осылай таптайтын елде дөрекі адам құқығының бұзылу фактілері жалғаса беретін болады.

Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың барлығы да бірдей маңызды және де оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес.

Аталған конвенцияның 17-бабы былай дейді: Үкімет баланы ата-аналар немесе басқа адамдар тарапынан болатын зорлық-зомбықтың барлық түрлерінен, немқұрайлылық пен қиянат көрсетушіліктен қорғауы қажет, сондай-ақ ересектерден қатыгездік көрген балаға көмектесуге міндетті

Мұнда Үкіметтің өзі, құқық қорғау органдары балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, қорғау орнына қорлап тұр.
Бақытты балалық шақ емес, бала кезден қалатын психикалық травма “сыйлады”. Бұған кім жауапты? Бала құқығы бойынша Омбудсмендер не дейді бұл жөнінде?

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар