//

Абзал Достияровты қызымен ұстаған полицейлер жауапқа тартылуы тиіс

1106 рет қаралды
“Мінбер” сайты алматылық белсенді Абзал Достияров пен оның қызына қатысты полицейлердің жосықсыз әрекеті жайында жазған еді. Парламент Мәжілісінің “Ақ жол” фракциясының депутаттары осы мәселеге қатысты депутаттық сауал жолдаған екен.
– Өткен аптада, 2023 жылы 5 қаңтар күні Алматы қаласы полицейлерінің белсенді азамат Абзал Достияровты таңертең төрт жасар қызын балабақшаға апарар кезде ұстап алып, қызымен қоса полиция бөлімінде ұзақ ұстағанына қарсы әлеуметтік желіде наразы жазбалар жарияланды. Солардың қатарында, ақын Tanagoz Tolkynkyzy да фейсбук парақшасында біздің атымызға сауал жасаған екен. Сол жазбаға және сол күні хабарласқан Qamshy.kz сайты тілішісіне берген жауабымызда айтқандай, «Ақ жол» фракциясы бұл мәселеге байланысты шара қолдануды талап етіп, депутаттық сауал жолдады, – бұл туралы деп жазды Қазыбек Иса фейсбук парақшасында.
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы мүшелері Азат Перуашев пен Қазыбек Иса Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне белсенді азамат Абзал Достияров пен оның жас қызын ұстаудың заңдылығына тексеру жүргізуді, Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беруді, оның нәтижелері бойынша тиісті әрекет шараларын қабылдауды талап етеді.
Сонымен қатар талапқа сай мерзімінде қайтарылған тиісті жауаптарды жариялайтын боламыз.
ПОЛИЦЕЙЛЕР ӘРЕКЕТІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қазіргі уақытта, 2023 жылғы 5 қаңтарда, белсенді азамат Абзал Достияровты 4 жасар қызымен бірге тұтқындаған Алматы қаласы полиция қызметкерлерінің әрекеті БАҚ пен әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
Интернетте жарияланған бейнетаспаға сәйкес, белсендіні баласымен бірге балабақшаға бара жатқанда оған полиция қызметкерлері шабуыл жасап, үйінің лифтінде ұстаған.
Баланың анасының айтуынша, оның жұбайы полицейлерді қызды үйіне апарып тастауға көндіруге тырысқанына қарамастан, олар рұқсат беруден бас тартып, баласымен бірге полиция бөліміне жеткізілген, онда қыз бір жарым сағаттан астам уақыт өткізген. Бұл оқиғадан кейін кішкентай бала нағыз күйзеліске ұшырап, нәтижесінде сыртқа шығудан қорқатын болды.
Жұртшылық пен құқық қорғаушылар, баланың құқықтарын өрескел бұзған және оның денсаулығына қауіп төндірген полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатты ашулануда.
Айта кету керек, А.Достияров қағидатсыз ұсталғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін қандай да бір айып тағылған жоқ, ал Алматы қаласы полиция департаменті тарапынан болған оқиғаның қандай да бір түсіндірмелері мен негіздемелері ұсынылмаған.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы, белсенді азамат Абзал Достияров пен оның 4 жасар қызын ұстаудың заңдылығына тексеру жүргізуді, Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беруді, оның нәтижелері бойынша тиісті әрекет шараларын қабылдауды сұрайды.
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары:
Азат ПЕРУАШЕВ,
Қазыбек ИСА
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар