//

ҚазАвтоЖол қылмыстық жауапқа тартылды: Адам өліміне кінәлі деген айып тағылған

940 рет қаралды
фото: Литер

Алматы – Шелек – Қорғас тас жолындағы апаттың салдарынан бір адам қайтыс болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, күре жолдың қар мен мұздан уақытылы тазаланбауының кесірінен бұл апат орын алған екен. 

Сол себепті де Алматы облысының прокуратурасы “ҚазАвтоЖолға” қатысты қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды Liter.kz 

Алматы – Шелек – Қорғас тас жолының 165-ші шақырымындағы апат салдарынан бір адам қайтыс болды, бұл трассаға “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы жауапты, олар уақытылы тазалау жұмыстарын жүргізбегендіктен, ол адам өлімімен аяқталған трагедияға себепкер болып отыр. Алматы облыстық қадағалаушы орган сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық іс Қылмыстық Кодекстің 353 бабы 3 тармағы бойынша қозғалып отыр. “Көлік қозғалыстарына қатысты Ережелердің бұзылуы байқаусызда адам өліміне әкеп соқтырды” делінген хабарламада. Істі Алматы облысының Жол полициясы жүргізуде. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар