///

Мобилді аударымдар: кімді, қашан, не үшін тексереді?

2026 рет қаралды
фото: ATPress.kz

«Енді аударымдар тексерілетін болыпты» дейтін ақпар жұртшылық арасында желдей ескелі біраз болды.

Кейбіреулер тіпті алдын ала қам жасап, дүкен не сауда сөресіне «каспий аударма жоқ, тек қолма-қол есеп айырысамыз» деп жазып қойса, таксистер «каспий жоқ» деп қысқа қайырады.

Бұған себеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылдың 15  сәуірінде күшіне енген бұйрығы. 

Осыған байланысты Министрлік бекіткен бақылау, тексеру мына кезеңдерден тұрады:

  • 2022 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметке теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары;
  • 2023 жылдан бастап бюджеттік сала, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары;
  • 2024 жылдан бастап заңды тұлғалар мен олардың құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;
  • 2025 жылдан бастап басқа санаттағы барлық азаматтар.

Бұйрықта көрсетілгендей тексеру нысанына үш ай қатарынан ай сайын әртүрлі 100 адамнан аударым қабылдағандар ілігеді. Сәйкесінше, аударымдардың заңдылығын тексеру үшін азаматтарға хабарлама жіберіледі, оны қабылдаған азамат аударымның қандай мақсатта болғанын дәлелдеуі тиіс. Егер аударымдар кәсіпкерлік негізде жүзеге асырылған болса, оған бірден айыппұл салынбайды, алдымен ескерту, түсіндірме беріліп, кәсіпкер ретінде тіркелу ұсынылады.

Мобилді адуарымдарды бұлай тексеруге байланысты сарапшылар пікірі де әртүрлі. Бірі көлеңкелі экономикамен, кәсіпкерлік саласындағы алаяқтықпен күресті жалпы халықты тексеру тәсілімен жүргізуге болмайды десе, екіншісі мұны – нарық жағдайында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған дұрыс қадам деп есептейді.

Тағы бір ескеретін жайт, егер азаматтардың бір жылдық кәсіпкерлік табысы он екі еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен асатын болса, ол кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Демек қазір түрлі кәсіп жасап, табыс тауып отырғандар соны бір ескеріп, есептеп алса артық етпейді.

Ақмоншақ Мақсотқызы,

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар