//

Түркияда қара жамылған күн: Жер сілкінісінен үш мыңға жуық адам қаза тапты

922 рет қаралды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінің құрбандарына байланысты 7 күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады. Аза тұту 12 ақпанды қоса алғанда жалғасады. Түрік билігінің соңғы мәліметтері бойынша, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2921, ал жараланғандар саны 15834 адамға жетті. Ал Сирия елінде 812 адам қаза тапқан. Үйінді астында әлі де адамдар бар.

6 ақпан күні таңға жуық Түркияның оңтүстігінде магнитудасы 7,8 болатын күшті жер сілкінісі болып, көптеген адам қаза тапты. Бұл 1999 жылдан кейін ең күшті жер сілкінісі 7,4 баллға бағаланып, мыңдаған адамның өмірін қиып, аймақта цунамиді тудырды. Жер сілкінісінің ошағы Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп қаласынан 26 шақырым жерде, Сириямен шекараға жақын жерде орналасқан.

Жер сілкінісінен Түркияның бірнеше қалалары зардап шекті: Кахраманмараш;
Османлы;
Хатай;
Газиантеп;
Малатия;
Адияман;
Адана;
Килис;
Диярбакыр;
Шанлыурфа.
Қазіргі таңда Түркияда дабыл деңгейі ең жоғары.

Сондай-ақ, Тоқаев Үкіметке Түркия елінің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеру үшін шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. «Түркия билігі, Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі арқылы байланыс орнатылды. Жақын арада Түркия үкіметінің өтініші бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер зардап шеккен аймақтарға ұшатын болады», – делінген хабарламада.

Гауһар Сатбаева, 

СДУ Журналистика мектебінің 4 курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар