Түркияның 11 провинциясында жалпы қаза болғандардың саны 12 мың 391-ге, жараланғандар санының 62 979-ға жеткен деп хабар таратты Qaz365.kz .
Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта біздің азаматтарымызға көмектесу және үйлестіру үшін Мерсин және Конья провинцияларындағы Қазақстанның құрметті консулдары да жұмысқа қосылды. Мерсин қаласындағы Құрметті консул – Түркия азаматы Ахмет Будан қонақ үйде Қазақстанның 25 азаматын, оның ішінде 19 студентті панамен қамтамасыз етті, делінген.
7 ақпан күні осы 19 қазақстандық студент Анкара-Астана рейсімен Қазақстанға келді
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше жалпы, бүгінде Түркияда консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр (Анкара – 498, Ыстанбұл – 45, Анталия – 189). Оған қоса, соңғы мәлімет бойынша Түркияда 8 219 қазақстандық студент білім алуда. Жалпы, түрік тарапының мәліметінше, елде Қазақстанның 75 мыңға жуық азаматы болуы мүмкін.
Қазақстандық ІТ-стартапшы, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус (Мирболат) Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті.
Бауыры Алматтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол достары/әріптестерімен бірге Түркияның Хатай қаласында контент түсіріп жүрген.
Қазір Мирболат Құрмашевты іздеу жалғасып жатыр. Әділ Қыдырбековтың қайтыс болғаны мәлім болды.
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды. Мәлімет бойынша, отандасымыздың қолы сынған. Қазір ол ауруханада.
Ал бүгін Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігі Юрий Ильинді қабылдап, есебін тыңдады. Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған. Министрдің есебінде қазақстандық құтқарушылардың төрт азаматты үйінді астынан алып шыққаны айтылады.
Парақшамызға жазылыңыз