//////

Өмір Шыныбекұлы: Мен көрген Дубай (2023 ж. қаңтар айының 14-19)

6813 рет қаралды
2

Жергілікті әуежайдан көтеріліп, оңтүстік-батысқа бет алған ұшақ ішіндегі жолаушыларға қарап-ақ Дубайыңыз Шымкенттің бір мөлтекауданына айналғанын аңғаруға болады.

ШАРДАРАНЫ ТУРИСТІК ХАБҚА АЙНАЛДЫРҒАНДА ҒОЙ, ШІРКІН…

Ұшақтағы еркек-әйелі аралас бір топ қазақ әкесінің үйінде жүргендей ұшақ ішінде ерсілі-қарсылы тайраңдап, дауыстарын көтере сөйлеп жүргенінен бұлардың Дубайға алғашқы сапары емес–ау деп ойладым.

Неше рет барса да Дубай бұларға ештеңе үйретпеген екен деп топшыладым..

Бір рейспен кемі ₸200 млн ұшып келді.

 Әуежайында таныс, жүзтаныс адамдар жетерлік екен..

Қазақстаннан аптасына неше авиарейс келетінін шамалай беріңіз.

«2018 жылы оңтүстікте облыс пен мегаполис бөлінгенде облыс орталығын Түркістанға емес, Шардараға көшіріп, сол қаржыны Орталық Азиядағы уникалды айдынның айналасын абаттандыруға құйғанда ғой»… деп өкіндік, бейне бір қолымызда билік тұрғандай..

Шардара айдынында мамыр айының басынан қыркүйек  айының соңына дейін суға түсуге болады.

Орталық Азияның ең ірі қаласы Ташкент бар болғаны 90 шақырым. Мынау жағы Қырғызстан, Тәжікстан..

Астана, Алматы, Атырау жағында жүрген азаматтар жұмыс табылып, Мырзашөлде жұмыссыз адам қалмас еді..

Біздің ұқсата алмағыр басшылар соны да ұқсата алмады ғой..

Дубайға алғаш табан тірегенде түйгеніміз осы болды..

ЕҢ БИІК ҒИМАРАТ БҰРЖА ҚАЛИПАНЫ БАҒЫНДЫРҒАНДАҒЫ ОЙ

Біз тоқтаған қонақ үй теңізге жақын жаңа салынып жатқан аудан екен..

Құмы әлі топыраққа айналып үлгермепті..

Бүгін (15.01.2023)  жаңбыр сіркіреп тұр..

Теңізге шомылмақ түгілі, аяқтың ұшын батырудың да сәті түспейтін секілді

Сондықтан, тарихи жерлерін аралауды жоспарлап отырмыз.

Бұйыртса, биіктігі 828 м. мұнараның ұшар басына шығу..

Кеше біреу жүрген жеріңіз Дубай емес, Йемен секілді депті..

Менікі бәрі керісінше ғой..

Келгендегі мақсатым теңізге шомылу емес, әнші фонтанға тамсану емес, биік мұнараның басынан төмен қарай өз өлшемім бойынша нәшшар деген адамдардың төбесіне ойша болса да бір “шырт түкіру” еді…

Джидда қаласында салынып жатқан бұдан да биік ғимараттың құрылысы жемқорлыққа байланысты тоқтап қалғандықтан әзірге Бұржа-Қалипа әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі саналады..

Бұржа-Қалипа мұнарасын жобалаған сәулетші Андриан Смит Шешенстан астанасы Грозный қаласында биіктігі 435 м. болатын Ахмет-Тауэр мұнарасын тұрғызып жатыр..

Ол мұнара біткенше Ресей ыдырап, Шешенстан егемендік алып қалатын шығар..

Басы, жалғасы бар

(Суреттерді түсірген автор)

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар