//

Қаңтарда үтікпен азаптағандардың жазасы төрт жыл

1397 рет қаралды
1
фото: Ашық дереккөзден

Ақпанның 10-ында  Талдықорған қалалық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде  ұсталғандарды азаптады деп айыпталған  бес полицейге үкім оқылды. Бұл туралы malim.kz сайты хабарлады. Судья Бекмұрат Дүйсенбеков күдіктілердің барлығын кінәлі деп танып, 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, сот залынан ұстауға үкім етті.

 Сот қанды Қаңтарда азаматтарды «үтік басып, азаптады» деп айыпталған Айдын Кенжаебаев пен Жанбақыт Нұртаза 4 жылға, Сапармұрат Тоқташ 3 жыл 6 ай, Алмас Боқанов пен Ермек Жұмашев 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушылар полиция шені мен 3 жылға дейін құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Бұған дейін Айдын Кенжебаевтан басқасы үйқамақта болған. Үкім оқылғаннан кейін айыпталушылар сот залында қамауға алынды.

Үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ. Аталмыш істе 23 жәбірленуші бар. Сот үкімі оқылмай тұрып, тараптардың соңғы сөзі тыңдалды. Айыпталушылар жәбірленушілерден кешірім сұрап, болған іске өкінетіндерін айтып, соттан шартты жаза беруді сұрады. Сот былтыр қыркүйек айында басталып осы уақытқа дейін созылып келген

Талдықорғанда «азаптау» ісі бойынша бес полиция қызметкері күдікті, 23 адам жәбірленуші деп танылды.

Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан. Қазір олардың өліміне қатысты бірқатар іс «күдіктілер анықталмады», «дәлел жеткіліксіз» деген желеумен тоқтатылған. Құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, Қаңтар оқиғасы кезінде 10 мыңнан астам адам ұсталып, оның 70 пайызы азапталған. Бұл істердің де басым көпшілігі тоқтатылып тасталды. 

Дереккөз: Мәлім

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар