БІЗДІҢ ҰРЛАНҒАН АРМАНЫМЫЗ
Дубай. Қолдан жасалған пальма-арал.. Құрылысы 1997 жылы басталған… Яғни, БАӘ мен Қазақстанның мүмкіндігі бірдей болған. 1990 жылдардың ортасында ел билігіне келген шейх Мұқамед премьер-министрін шақырып алып,
– Атам түйемен жүрді, әкем машинамен жүрді, мен ұшақпен жүрмін… Ертең мұнай сарқылса немереміз қайтып түйеге мінбеуі үшін не істеуіміз керек? Қазір жағажай салуға жарайтын жағалауымыздың ұзындығы 65 шақырым. Соны тағы неше шақырымға ұзарта аламыз? – депті.
– Тағы 6-7 шақырымға ұзартуға болатын шығар, – деп міңгірлеген премьерге Шейх:
– Жоқ, тағы 70 шақырымға ұзартасың! – деп талап қойыпты.. Қазір одан әлдеқайда ұзын. Себебі жасанды аралдардың құрылысы тоқтаусыз жүріп жатыр.
Содан соң көп ұзамай шығанаққа теңіздің құмынан жасанды аралдар салуды бастап жіберіпті. «Пальма-арал» деп жүргеніңіздің әрбір «жапырағы» тұтас мөлтекаудан. Бәрінде 40-50 қабаттық отельдер. Көбісін шетелдіктер сатып алған. Рас-өтірігін қайдам..Қазақстанның бай-бағландары да бірнеше «жапырақты» сатып алған» деген әңгіме бар.
АРАБТАРДЫҢ ҮКІМЕТТЕН САЛЫМЫ БАР ЕКЕН…
Эмираттық арабтардың 40 жыл ғана бұрынғы “тұрғын үйі” мен түйеқорасы…
Қазіргісін көргенде ішің қан жылайды…
Дубайдың қоғамдық әжетханалары біздің ең қымбат деген тойханалардың әжетханаларынан таза.. Қол жуғышта 2 шүмек тұр.. Біреуіне алақаныңды жақындатсаң “пырт” деп сұйықсабын, екіншісіне жақындатсаң су ағады..
Ұлыбританиядан 1971 жылдың 2 желтоқсанында тәуелсіздік алған Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАЭ) қазір 10 млн-н астам халық тұрса, соның 70%-н астамы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген гастарбайтерлер.
Олар мұнай, құрылыс компаниялары мен қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Біз жатқан қонақ үйдің әкімшісінен бастап, еден жуушысына дейін шетелден нәпақа іздеп келгендер. Олардың қатарына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан секілді посткеңестік елдерден келген гастарбайтерлер қосылыпты.
Бізді әкелген туристік компанияның осында қызмет көрсетіп жүрген өкілі Керім әзірбайжан екен.. Кеше Palm Jumeirah туристік кешенінде бір қыздың кеудесіндегі Kenje деген жазуы бар қағаз көріп,
– Мұнда не істеп жүрсің, Кенже?- деп едім..
– Я с Кыргызстана! – деп жымияды, біздің қырғыз емес екенімізді танып..
Кеше метрода орамалын шымқап тартып алған реңді келіншектің жүзі жылы екенін аңғарып “Осы құдай біледі қарашай қызы, жөн сұрашы?” – дедім, қазақ шейхінің бәйбішесіне
Сөйтсем, түйсігім алдамапты..
Құмық қызы екен.
РФ-ң Краснодар өңірінен (Болашақ Құмықиядан).
Әйелімнің орысшасына таза орысшамен жауап қайтарған соң, “Қазақша сөйлеші” деп сыбырладым, бәйбішеме..
Құмық қызы түсініп отыр..
Бізге өте жақын халық қой..
Жә, әңгіме ол туралы емес..
Әңгіме жергілікті арабтарға жерұйық орнатып тастаған БАЭ билеушілері туралы..
Жергілікті арабтар анау биік-биік мұнара үйлерде тұрмайды. Олар өздері үшін арнайы салынған 2-3 қабатты коттедждерде тұрады.. Ондай мөлтекаудандарға кіруге туристерге жол жоқ. Қысқасы қазақтар, біз оңбай алдандық…
Бәрінен бұрын 30 жыл босқа кеткен уақытты айтсайшы..
Оны бізге ешкім қайтара алмайды ғой..
Парақшамызға жазылыңыз