////

Жайлы мектеп көңілді жайландыра ма? Үш ауысымды мектептер проблемасы түбегейлі шешілуі мүмкін бе?

2987 рет қаралды
Сурет Шымкент қаласы Білім басқармасының сайтынан

2023 жылы “Жайлы мектеп” пилоттық жобасы басталды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін  2023-2025 жылдар аралығында 401 мектеп құрылысына 2,6 трлн теңге бөлінетіндігі мәлім болды. Бұл мектептер 842 мың оқушыны қамтымақ.

“Бұл үшінші ауысымнан толығымен құтылуға мүмкіндік береді” делінген бағдарламаның бірыңғай операторы болып бекітілген  «Samruk-Kazyna Construction» АҚ вебсайтында.

“Мектептер негізінен қазіргі кезде мектепке тапшылық бар аймақтарда салынады. Олар: Алматы (63), Түркістан (63) және Маңғыстау (24) облыстары, сондай-ақ Шымкент (25), Астана (24) мен Алматы (22) қалалары. Қалған мектептер шағын қалаларды қоса алғанда, бүкіл Қазақстан бойынша бірдей салынады” делінген онда.

Біз соңғы сегіз жылдағы мектептердің саны мен оқушылар санының динамикасын салыстырып көрейік:

Бұл жерде өңір бойынша мектептер саны көрсетілген. 
Ал сегіз жыл бойына мектептердің саны қаншалықты артты? 2014 жылы бүкіл Қазақстан бойынша 7484 мектеп болса, 2021 жылғы мектеп саны – 7481-ге дейін төмендеген. Тіпті, 2014-2018 жылдар аралығында мектептер саны – 7319-ға дейін құлдыраған. Тек 2019 жылдан мектептер санының өсу динамикасы байқалған. 
 
 
2021 жылғы статистика бойынша ең көп мектеп Түркістан облысында болса (959), мектебі аз өңір – Астана қаласы екен (146).  Соған қарамастан ендігі салынатын мектептің басым бөлігін тағы да Түркістан облысына салу көзделіп отыр. Түркістан өңіріндегі оқушылар санына көз жүгіртсек, 2021 жылғы есеп бойынша, 499111. Демек бұл өңірде орташа есеппен 520 балаға бір мектептен келеді екен. Ал мектеп саны аз Астана қаласының оқушылар саны – 193342, орташа есеппен  1324 балаға бір мектептен. Бұл қалаға тағы 24 мектеп салыну жоспарланып отыр. 
 
Ендеше осы сегіз жылда оқушылар саны қанша өсті? 
 
Яғни күндізгі білім беретін мектептегі оқушылар саны 2014-2021 жылдар аралығында 2615898-ден 3436608-ге, яғни 8167710 адамға өскен. 
Бұл нені білдіреді? Елімізде мектеп салу қарқыны, балалардың өсу қарқынына ілесе алмай отыр дегенді білдіреді. 
 
Ресми дерек бойынша елімізде 2021-2022 оқу жылында 151 үш ауысымды мектеп болған. 2022-2023 оқу жылында олардың санын 127-ге дейін азайту жоспарланған. “Жайлы мектеп” бағдарламасы бұл мәселені түбегейлі шешеді деген сенімдеміз.
 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар