Қазақстандық белгілі музыкант Дархан Жүнісбеков (Darkhan juzz лақап атымен танымал) өмірден озды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы Істер Министірлігі хабарлады.
Тайланд полиция бөлімінің хабарлауынша, ол 24 ақпан күні Пхукет қаласында жалға алған мопедімен жол апатына ұшыраған. CІМ өкілі Айбек Смадияров қазіргі таңда денесін Қазақстанға жіберу үшін құжаттар дайындалып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет хатшысы Ерлан Қарин де өзінің инстаграм парақшасында Джунусбековтың туыстарына көңіл айтып, оның қандай талант иесі болғанын жазды.
Darkhan juzz 1991жылы 9 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол инди-поп орындаушысы және саунд- продюдсер, сонымен қатар түрлі әндердің авторы еді.