///

Айбар Олжаев: Мемлекеттік бюджеттің 0,1 пайызы. Немесе қазақ телевизиясы 100 жылға шыдай ала ма?

1063 рет қаралды
фото: Қазақстан телеарнасы
Негізі, бұл – сала ардагерлерінің жүрегін сыздататын ауыр сұрақ. Жүректі ауыртса да, біз 50 жылдық перспективаға қарауымыз керек. Және 50 жылдан кейін біздің өмірімізде телевизияға орын бола ма, соны қазірден бастап талқылай берген жөн.
“ЭкспрессК”-ның 103 жылдан кейін жабылуы біздегі тарихы совет заманынан басталатын БАҚ-тың ауыр трансформация жолына түскендігін байқатты. “Ленсмена” комсомолдың газеті еді және өз заманында сайт, уатсап пен телеграм, фейсбук пен инстаграмның функцияларын бір өзі атқарды. Уақыты келді, ешкімге керек болмай қалды, сондықтан жабылды.
Қазақ телевизиясының тарихы 1958 жылдан басталады және бүгін қара шаңырақтың заңды мұрагері – “Қазақстан” телеарнасы 65 жылдығын атап өтті. Жыл өткен сайын телевизия мойнына киілген арқанның жайлап тартыла бастағанын байқауға болады.
Телевизия қымбат бизнес-процестердің тізіміне кіреді. Себебі, технологиялық талаптары жоғары және ұжымдық жұмысты талап етеді.
Сондықтан мемлекет “Қазақстан” телерадиокорпорациясына жылына 21 миллиард теңге беріп отыр. Бұл шамамен Құлжа трактісі мен әуежай жолының қиылысындағы алып көпір құны немесе биыл жастарға жеңіл несие беруге бөлінген сомаға пара-пар.
Бірақ қазақ телевизиясы ел бюджетіне керемет ауыр түсіп жатыр деуге келмейді. Бюджеттің шығыс бөлігі 20 триллион теңге десек, ондағы РТРК үлесі 0,1% ғана. Немесе мыңнан бірі. Егер адамдар ертең де теледидар көре беремін десе, бюджеттің еш қиналмай телевизияны жүздеген жылдар бойы қаржыландыра беруге күші жетеді.
Енді қазақ телевизиясының тағдыры Альфа буынының қолында тұр. Басты сұрақ – оларға телевизия қажет пе? Өкінішке орай, “не өлім, не трансформация” қағидасынан қашып құтыла алмаймыз. Альфа буыны екі жолдың бірін таңдайтыны анық:
1. Олар тележәшікті лақтырып тастап, телевизияны өздерінің смарт-көзілдіріктеріне көшіреді;
2. Олар телевизияны мүлде жауып тастайды.
Сондықтан басында сізге жауабы оңай сияқты болып көрінген сұрақты қайталап қояйын:
– Казақ телевизиясы 100 жылға шыдай ала ма?
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар