/////

Ерекше балаларды қуанышынан айырған кімдер? “Үміт сәулесі” орталығы қашан ашылады?

3635 рет қаралды
"Үміт сәулесі" орталығы

Соңғы 2 жылда Кеген ауданындағы ерекше балалар үшін ашылған «Үміт сәулесі» орталығы (балалардың күндіз орналасатын мекені)  ата-аналар үшін жаңа деңгейдің шырағын жаққан.

Балалар үшін жасалған күндізгі болу орталығындағындағы  16 қызметкер де өз істерінің кәсіпқой маманы екен. Ерекше бабалардың ата-аналарының  айтуынша соңғы 2 жылда «Үміт сәулесі» күндізгі болу орталығының мамандарынан үздіксіз ем алған балалардың тілі шығып, эмоционалды жағдайы тұрақталған.

Бірақ еліміздегі бюрократиялық кедергілер бұл мекемені де айналып өтпеген екен. Әр жылдың басында мемлекеттік сатып алу порталында жарияланатын тендер кешігіп жарияланып, ерекше балалар мен ата-аналарына, тіптен сол мекеменің мамандарына да айтарлықтай қиындық туғызуда. Мысалы тендердің уақытылы өтпеуіне байланысты 2022 жылдың басында «Үміт сәулесі» күндізгі болу орталығы өз жұмысын 1 ай кешігіп бастаған. Тура солай биыл да бюракратиялық кедергілердің салдарынан 2023 жылдың наурызы басталса да мекеме әлі де жабық тұр. Себебін білу үшін Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы орынбасары Ержан Ділданұлы Байқонысқа хабарласқан едік:

Ержан Байқоныс

– Ержан Ділданұлы, бізге Кеген ауданындағы «Үміт сәулесі» күндізгі болу орталығының ата-аналары хабарласып, орталықтың жұмысының 1 қаңтардан беру жабық тұрғаны жайлы шағым айтуда. Үздіксіз ем қабылдап жүрген балаларға орталықтың уақытылы жұмыс істемеуі кері әсерін тигізіп жатыр деуде. Бұл мәселе жайлы не айта аласыз?

– Жалпы бұл мәселе бар. Қазіргі таңда бізде 21 ақпанда толық осы мемлекеттік сатып алу дейміз ғой, сол сайтта жарияладық. 21 наурыз күні өтеді. Ол кісілерді жауып жатқан ешкім жоқ.

– Мұнда жауып жатыр емес, ата-аналар «балалардың емі тоқтап қалды»- деп шағымданып жатыр

– Заңға сәйкес жылдың басында мемлекеттік сатып алу порталына осы қызметті біз шығарған едік. Ол кісілердің сұранысы бойынша: бір көзден сатып алу деп қайта ауыстырдық. Ол жерде бізге камералық түрде бас тартты. Сосын ашық конкурс 21 наурыз күні өткізілетін болды және барлық қызмет көрсететін мемлекеттік емес ұйымдардың нәтижесі шығады.

– Иә оны мемлекеттік сатып алу порталы арқылы көрдім. Бұл конкурс 3 мәрте жарияланып отыр және өзгертулер енгізілген екен.

– Оның бәрі камералық бас тартудың нәтижесі. Сондықтан үшінші рет жарияладық.

– Сонда орталық сәуір айында бірақ ашылады ғой

– Жоқ, 21 наурыз конкурс өтсе мүмкін 23і немесе 25і ашылуы мүмкін. Порталдың келісім-шарт жіберуіне байланысты

Бұл жағдай бойынша мәлімет іздеген уақытта, анықталғаны: мемлекеттіп сатып алу желтоқсан айында өткізілуі тиіс екен. Егер  мемлекеттік салып алу уақытылы өтпеген жағдайда былтырғы жеңімпаз МЕҰ-мен (мемлекеттік емес ұйым)  уақытша келісім-шарт жасауы керек. Бірақ ондай ұсыныс МЕҰ-ға айтылмаған. МЕҰ қызметкерлерінің де жағдайы мәз емес. 2 ай  бойы жұмыссыз, тек күтумен отыр. Мына қымбатшылық қысқан заманда 2 ай 16 адамның жұмыссыз отыруы 16 отбасында қаржылық проблема туындағаны емес пе?!

Егер goszakup.gov.kz порталындағы мәліметтерге сүйенсек:  Ақпанның 1-і мен 16-cындағы жарияланған мемлекеттік сатып алудағы сома 30 556 950 теңге болса, 22-сіндегі  жарияланған сатып алуда 26 609 775 теңгеге түскен.  Егер уақытша келісім шарт жасалмаған болса, қаржы қайда кетті?! Бұл жағдайдың назар аударар мәселелері көп.

Наурыздың 1-інде ата-аналардың арызы негізінде «Аманат» партиясының Кеген аудандық филиалының басшысы Алмасбек Нұғыманов «Үміт сәулесі» күндізгі болу орталығының «Аманат» партиясының бастамасымен ашылғанын мәдениет үйінде өткен жиында хабарлаған. Алайда аталған орталыққа Наурыздың 2-3 күндері қатарынан барғанымызда, орталықтың жабық екеніне көз жеткіздік.

Сол жиналыстан кейін біз ата-аналармен бірге “Үміт сәулесі” орталығына барып қайтқан едік.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар