////

Елімізде ерекше баласы бар аналар мемлекеттен баспана сұрауда

1508 рет қаралды

Елімізде ерекше баласы бар аналар мемлекеттен баспана сұрауда. Ал екінші бірі баласына ота жасау үшін Денсаулық сақтау министрлігінен белгілі құжаттарды дайындап беруін сұрайды. Алайда бұл аналарға мемлекет  тарапынан ешқандай көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Тіпті сұраныстарына жауап та жоқ.

Тамерлан House қоғамдық қорының мүшесі Айша Тәжібаева қордың алғашында тек Whatsapp  желісінде құрылғанын айтты. Ерекше баласы бар аналар өзара жиналып, ортақ чат ашып, бір – бірлерінің балаларының  емі үшін өзара ақша жинап көмектескен. Осылайша көмек жинауды, қор жинауды өсіру мақсатымен, мемлекет  тарапынан “қоғамдық қор” дәрежесін алып, жеке қор ретінде мақұлданған. Бірақ, мемлекет тарапынан қорға ақшалай немесе басқаша көмектер көрсетілмеген. Ата – аналар әлі күнге дейін балалардың  еміне және басқа керек жарақтарға өздері ақша жинап келеді. 

Мәселен, Мемлекеттік бала-бақшада жұмыс жасайтын 3 балалы ана Айгуль Саддрадинова (есімі өзгертілген) 20 жыл бойы үй ала алмай жүргенін айтып, мемлекет тарапынан мүгедектігі бар баласы үшін үй сұрайды. Себебі жолдасы екеунің жалақысы пәтер төлеу мен тамақтан артылмайды. Тіпті кейде баланың дәрілеріне ақша таппай қаламыз, –  деп қапа болуда.

Ал Алатау ауданының тұрғыны Жазира Абаевна (есімі өзгертілген) екі жасар қызына ота жасау үшін Қазақстандық дәрігерлерден рұқсат қағазын ала алмай жүр. Шет елде ота жасату үшін, еліміздің дәрігерлері бір парақ қағазды жазып беруге қинаналып отыр. Осы тұрғыда баланың тағдырына, оның болашағына кім жауап береді? 

Бұл жоба –  АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында дайындалды.
“Мінбер” ақпарат агенттігі ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар