//////

Ғұмыр көгіндегі Көк байрақ немесе Зардыханның ақындық қыры жөніндегі үзік сыр

2791 рет қаралды
1

Қазақтың «сегіз қырлы бір сырлы» деген сөзінің шығу төркіні бір адамның бойынан өмірдің бірнеше саласының өкілдеріне тән қасиеттердің байқалуына байланысты болса керек.

Әлем көлеміндегі тәжірибелерді қоя тұрып, өз топырағында туған сан қырлы дарынды адамдар аз кездеспейді: Ұлы Абайдың философ, ақындығынан тыс оның талантты сазгерлігі, қазақтың қысқаша тарихын жазған Шәкерім Құдайбердіұлының ақындығы әмбеге аян. Біз мұндай мысалдарды көптеп кездестіре аламыз.

Осы тұрғыдан келгенде тарих ғылымының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлының ақындығы туралы айтқым келеді.

 Тарих керуенін сонау ежелгі дәуірден бастап, көне кезеңді көктей өтіп,  бүгінгі күнге дамылдап, болашақты болжап, бағыт-бағдар берген ой-толғамдарын ортаға салған білікті ғалымның сүрлеуіне түскен адам жорға мініп жолға шыққан жігіттей бұлаң құйрық жүріспен өзін сергек сезініп, іркілмей ілесіп отырады.  Осы жағы бізді қатты қызықтырады.

Оның еңбектерін құныға оқып отырған адамның кімі болсын өзіне «мына кісі ақын адам-ау» деген сұрақ қоятынына шүбә келтірмеймін. Ал әлде кім «Зардыхан – ақын» десе, оның еңбектерін оқыған, шығармашылығымен таныс адам оған да күмәнданбайды. Өйткені ғалым Зардыхан туындыларын көркем, тұшымды әдеби тілмен, сұлу тілдің көлкөсір бейнелеу сөздерін, көріктеу құралдарын еркін, молынан пайдалана отырып көпшілік қауымға арнап жазады. Оның кез келген шығармасының тұла бойынан ақындық сөз саптаудың ақ самалы есіп тұрады. Зақаң кезінде өлең де жазыпты, өмірінің соңында «Тәңірім менің» атты өлеңдер кітабын қалдырған. Ол «Өмір өтіп барады» өлеңінде:

Өтіп барады бұл өмір байқалмаған,

Өрге қашқан құландай қайқаңдаған.

Айттық, жаздық, сөйледік

Бірақтағы

Сөзім қалып барады-ау айта алмаған ,дейді. Ақын жүрегінің шиыршықу аты.

З.Қинаятұлының қазақ тілінде тұңғыш жарық көрген шығармасы «Жылаған жылдар шежіресі» (Алматы – 1992 ж) Моңғолия қазақтарының тарихы. Өткені мен бүгіні, келешегіне бағдар, бағыт берген туралы ойлы толғау.

Тарихи көркем публицистика. Атауына қарап поэзиялық шығарма деп ойлайсыз. Осыны ескерген автор жанрына «көркем» деген көрікті сөзді қосқан. Шығарма бастан аяқ буырқанған толғанысқа толы тарих, күңіренген күй, алабұртқан көңіл, тұнып тұрған ілім. «Тарих – аманат.

Жанды кейіпкерсіз және өмірдің жарқын кезеңдерін ақтарыла жырламаса онда ол – өлген тарих»,– дейді кәсіби тарихшы З.Қинаятұлы. Ақындық тебіреніс. Жаз демейді, жырла дейді. Ал өзі осы пайымынан айнымаған.

З. Қинаятұлы туындыларының көркемдігі басым болуы оның тілдің көркемдік құралдарын шеберлікпен пайдалану мен рухани дүниесінің аса қуатты, ой қорту орбитасының шексіз кеңдігін көретеді.

Ал енді Зақаңның «Тәңірім менің» атты өлеңдер жинағына тоқталсақ: Кітап негізі екі бөлімнен тұрады: автор оларды «Тәңір-Түрк-Алтайым» және «Өлім мен өмір арасында жатқанда туған жолдар» деп саралаған. 84 беттен тұрады. 19 өлеңі енген. Алайда, туынды қуаты оның көлемінің аз, яки көптігімен өлшенбейтіндігі әрі бағаланбайтыны әркімге аян. Әр бөлім шып-ширақ, тап-тұйнақтай, тастай. Жалпы бұл кітап Зардыхан Қинаятұлының жан дүниесінің айнасы деуге толық болады.

Әр бір өлең – тағдыр. Жырау Жәркен Бөдешұлы «мен ақын емеспін, менің тағдырым ақын» деуші еді. (Өз аузынан естігемін – Б.Б). Сол айтқандай «Тәңірім менің» жинақтан біз ақынмен тағдырлас тарихшы Зардыхан Қинаятұлының тағдырын, өмір жолын, ғұмырнамасын, аңс ар арманының өлеңмен өрнектелген тұжырдамасын көреміз.

Адам жайдан жай ақын бола салмайды. Ақындық деген адамға Тәңірінен ерекше берілген қуат. Ол әркімнің бойындабар. Ал оны біреуі дамытады, байытады, қытажет-керегінеата жарды. Ал енді біудің бойынданда ғы дарын өмір бойы ашылмай қалған көмбе іспетті көпіліп жата береді. Алайда әркімнің Ұлы Сөзге – Өлеңгегеүгінетін кездері кем болмайды. Ішінен өлеңдетіп ән айтады. Ішік ойын өрнектеп, сырын ақып, көркем сөзменөмкеріп жешізуге тырысады. Ол әр адамғаән құбылыс.

Қазір поэзия жөнінде, онң адамзат баласына керектігі жөнінде әртүрлі пікір айтып жатады. Адамзат баласының өлеңсіз, поэзиясыз өмір сүгенр кезі болмаған, болашақта да болмайды. Өйткені өлең – адам жанының дәруі. Егер Зардыхан Қинаятұлы тарихшы болмаған күнде керемет философ, ақын болар еді.

З.Қинаятұлы өлеңге кездейсоқ келмегенін ол кісінің жастайынан өлеңге құмар әрі өлеңді жасынан жазыпты. Бірақ, кітапқа енген өлеңдерінің алғашқысын 1992 жыл деп белгілепті. Ақын Абай 40 жасында өлең жазып бастаған екен, тарихшы Зардыханның 50 жасы андақындық қырын ашуы ақылға толық сыйымды деп ойлаймын. Ұлы адамдар өмірінен мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Кейіпкеріміз кейбір кездерде, әсіре кешкісін, көптен оқшауланып, дара қалып, қалың ойға батқанда майда қоңыр әуенімен баяу ыңылдап ән салған болар. Сол кезде ойына өлең оралады білем. Өлеңдері іштей ұйқасып, иірімдері ауыр ойға толы, салмақты. Қай өлеңін алсаң да қшалымалы шаттықсыз, не бір сарказм, ирониясыз, пәлсапалы ақұнғ ілдей ауыр, алыстан же ұлы сарын естідлеі. Ол өлеңін былайтайбайды:

Тәңір, Түрік, Алтай ол егіз ұғым.

Көтерген биіктіктің ауыр жүгін.

Алтайдың төл тумасы,

Көк түріктің ұрпағы біз қоспасақ,

Кімдер жырға қосады оны бүгін.

Қараңыз, салған жерден Көк түрктің мақамы, көк түрктің сарыны есіп тұрған жоқ па? Ескі әуен, ақ өлеңге жақын, жұп-жұмыр, жүрекке жылы кәдімгі қазақтың қара өлеңі.

Тәңір – бір Жаратушы. Түрк – Қазақ. Ал Алтай – туған жер, мәңгілік мекен Қазақ жері. Бұлар: Толғау композициясының негізі арқауы, тұғыры, табан тасы, темір қазығы. Ақынның айтпақ ойының, ғұмырлық ұстанымының алтын діңгегі осы толғаудан айқын көрінеді. Жалпы «Тәңірім менің» Зардыхан Қинаятұлының шығарашылық ғұмырының көгіне ілген Көк Байрағы. Көнеден келе жатқан, көркем сүрлеуі үзілмеген, тасқа басылып таңбаланған ұлы Көк түркінің сарынымен үндесіп, сабақтасып, ұласып жатқанын байқау қиын емес.

Әр бір өлеңінің айтпақ ойы, белгілі мақсаты, түйін, шешімі айналып келген ел мен жер мәселесін, ұлтының болашағы. Сол үшін алаңдай, сол үшін күйінеді.

«Тәңір, Түрік, Алтай» толғауғы – өсиет нама. Қазақ баласының бабалары қандай? Тәңірі мен Түрктей асылдан жаратылғанын. Жебелері тасты тесіп қадалған, қылыштары қынабында тыныш жатпаған, құс қанатты тұлпар мінген Көктүріктің хас батырлары. Осылай толғай-толғай келіп «Мәңгілік ел» атауына тоқтайды. Мұның алдамшы ұғым екенін ескертеді.

«Опық жедің осынау соқыр сеніммен,

Еліңді баптай алмадың тәй-тәй басқан кезінен», дейді. Астарында, түпкі ойы Тәуелсіздігіңді қорға, соған ие бол, жақсы атау, жалынды сөзбен емес адал іспен, арлы ақыл ғана мәңгіліктігіңнің кепілі дейді. Көктүрік елі осалдықтан кеткен жоқ, опазыстықтан жетем деген жеріне жетпеді.

«Оларды құртқан опасыздық, сатқындық,

Арасына жылжып кірген жат кіндік».

Тәңір – Жер Ана! Адамзаттың қатыгездігінен қара жер қатты жараланды. Аяла! «Жалғыз күні төңкеріп кетіп жүрмесін!». Ақынның үні, дауысы! Есту керек!

Зардыхан Қинаятұлының өмірі мен еңбек жолы социалистік қоғамның бейбіт, беймарал шағында, бөтен елдің мемлекттік басқаруының зау биік шыңында, соңғы ширегі тарихи отанында өтті. Бақытты ғұмыр кешті. Осыған орай оның өмір жолы қайғы-уайымсыз болды деп сырт көз айтар. Алайда «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» деп Абай айтқандай оның дүние сырын тануда жүрегіне қою мұң ұялатып, толғандырып толқытқан, жандырып-күйдірген, шерлендіріп, жүйке жүйесін салмақ салған қилы тағдырлы тарпаң жолдар аз болмағынын 19 өлеңнің өн бойынан, толғанысқа толы пулицистикалық мақаларынан анық байқалады.

Ол елінің, жерінің болашағын уайымдайды. Оның ақындығы өлеңге деген құр әуесқой қызғушылық емес, тағдырдың талайымен тасада бұғып қалған табиғи талант-дарынының жарылған жанартаудай ара-тұра бұрқ етіп жарыққа шығуы.

Өлең шынайы, ақиқат өмірден туындайды. Оның «шикі заты» адамның басынан кешкен тағдыры. Бұл ретте ол материалға бай. Біз оның 19 өлеңі арқылы ұшқынына ғана ие болып отырмыз. Сөз зергерінің өлеңдері образға, көркем бейнеге, суретті сөзге толы. Онсыз өлең өлең болмайды.

Сүйкімді екен шырылың,

Сезілмейді қорқыныш.

Сәттілік тілеп тұрсың-ау,

Кішкентай ғана есті құс.

(Бозторғай)

Қандай әдемі көрініс, көз алдымызға жай құс емес, кіп-кішкентай, сондай сүйкімді, тілекші, мейірімді құс бейнесі келеді. «Кішкентай құс» деген қарабайыр хабарлы сөйлемді, «ғана және есті» деген екі сөз арқылы бедерлі бейнеге айналдырып, көркем образ жасайды. Ақындық шеберлік деген осы.

Зақаңның «Тәңірім менің» жинағына енген бүкіл өлеңдері азамат ердің ішкі жан дүниесіндегі, ет жүрегіндегі сезім мен сыры.

Өзінің туған жерін, өскен мекенін өлең-жырына арқау епеген ақын-жазушы кемде-кем болар. Ал туған жері басқа жұртта, қиыр шетте, бөтен елде қалса оған деген махаббат, сағыныштың өрімі де өзгеше болары сөзсіз. Зақаңның туған жер атты өлеңінде кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен, «қой тастарын санап жүріп, сан санауды үйренген», өсіп-өнген, күмбезі көк тіреген Көксеркесін көксейді. Туған жердің әр тал шөбі шүйгін, әр ұртам суы жанға дәру.

Төскейіңде қаптап өскен қымыздық,

Шөлдегенде қымыздықты біз үздік.

Боясын деп сырмағының жиегін,

Қымыздықтың тамырын үйге ала жүгірдік.

(Туған жер)

Туған жерге деген махаббаты бұдан артық қалай жеткізуге болады, тұнып тұрған бейнелі қозғалыс, жанды сурет. Апасына жібін боясын деп бір уыс қымыздық тамырын құшағына алып, тұлымшағы желкілдеп, құлдыраңдай ұшып келе жатқан бала елестейді. Апасы шөпті қайнатып, жүн-жұрқасын бояп жатқанда уыс-уыс асығын қара қазанға салып жіберетін ескі сурет көз алдыңнан өтеді. Алыс ауылда қалған ескірмейтін аяулы этнография. Туған жер тақырыбы ары қарай ата жұрт, киелі мекен, қазақтың ұлы даласына ұласады. Қазақ даласының, ұйық мекеннің бай табиғатының әр тарабының көркем суретін көңіл фотосына түсіреді. Желіп Жидебайға жеткенде, Абай елінде әрине көңілі ала бұртып күңіренеді. Ешкімнен кем айтпаған жолдарға көз түседі.

Күлге айналып

Абай туған топырақ,

Астың үңігір,

үстің жатыр қопырап.

(Ата жұртым армысың).

Елім деген ақылы кемел, әр бір арқалы азаматтың артындағы ұрпағына айтар нақыл сөзі, аманаты болары сөзсіз. Зақаңның «Қазақтың жастарына айтарым бар» өлеңі алаң көңілден туған, рухани тәрбиелік мәні зор ғибратты ғақылия жиынтығы. 2010 жылы жазылған. Алдағы болар ала құйын оқиғаны болжап-білгендей.

Уа, аруақ! деп аттанар,

Алдыңда талай аттан бар.

Бір-біріңе еш қашан себепсіз оқ атпаңдар!

Елдескенмен елдесіп, бейбітшілік сақтаңдар!

Достықтың жөні осы деп

Қазақты жатқа сатпаңда

(Қазақтың жастары айтарым бар)

«Шығыс деген көз жеткісіз кең дала,

Кең дала еш нәрсе жоқ кембаға» дейді ақын жүректі көрнекті ғалым Зардыхан Қинаятұлы «Шығыстан ұшқан тырналар» атты шырайлы өлеңінде. «Кембаға» моңғолия қазақтары сөйленісінде «аз, жеткіліксіз» деген ұғымдарды беретін сөз.

Ендеше қазақ баласы қазақтың ақынжанды біртуар азаматы, атақты тарихшы Зардыхан Қинаятұлының өсиетнамасында айтылғандай «Кең даласында еш нәрсе жоқ кембаға» ғұмыр кешсін. Егер Алла тағала Зақаңа әлі де біраз жас бергенде бар ғұмырын тарихқа арнаған кемел тарихшы ғалым тірлігінің соңын поэзияға бұрып, «қалып бара жатқан сөзін» өлеңмен өрнектеп, өмірінің ақырын ақындықпен аяқтар ма еді деп ойлаймын.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар