//

Жаңа Мәжілістегі партиялардың рөлі қалай болмақ?

938 рет қаралды

Жаңадан сайланған Мәжілістің алғашқы сессиясын ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістен орын алған алты партияның әрқайсысына рөл тағайындағандай әсер қалдырды. 

– Amanat – Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, яғни үкіметті жасақтау секілді саяси жауапкершілікті өз мойнына алады. Сондай-ақ халық пен билік арасындағы өзара қарым қатынастың нығаюына және “еститін үкімет” концепциясының әрі қарай жүзеге асуына тер төкпек.

– “Ауыл” – ауылшаруашылығы секторындағы реформаларды ұсынатын заңдардың ссапалы болуына ат салысады;

– “Ақ жол” – шағын және орта бизнестің дамуына қатысты мәселелердің шешілуіне және экономиканы демонполизация жасауға атсалысады;

– Respublica – бизнес ортаның дамуына қолайлы жағдай жасауды қалыптастыруға күш салмақ;

– ҚХП мен ЖСДП  – маңызды әлеуметтік мәселелердің шешілуіне белсенді қатысатын болады.

Мәжіліс спикері ретінде Ерлан Қошановтың сайлануы (әлде тағайындалуы) ешкімге жаңалық болмаған болар. Amanat партиясының Мәжілістегі фракциясын басқаруды Елнұр Бейсенбаевқа сеніп тапсырды.

“Ақ жол” партиясының атынан сайланған Дания Еспаеваның Мәжілістің вице-спикері ретінде сайлануы (әлде тағайындалуы) әрине жаңалық болды.

Мәжіліске барған партиялардың санының артуы оның регламентіне де өзгеріс енгізді. Ең әуелі депутаттық фракция құруға қатысты сандық шектеулер алынып тасталды. Сөйтіп Парламентке енген барлық партиялар өз фракциясын құруға мүмкіндік алды.

Ал Парламенттік оппозиция Мәжілістегі барлық аз санды партиялар болып есептелінді. Сол себепті де, Палатаның комитетіндегі төрағалық лауазымды тек бір ғана партия иелене алды. “Ауыл” партиясының депутаты Серік Егізбаев аграрлық мәселелер жөніндегі комитетті басқаратын болды.

Парламенттік оппозиция бұл жолы біраз мүмкіндікке ие болды. Солардың бірі Парламенттік тыңдауларды өткізуге бастамашы болу.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар