Қазіргі біраз жұрттың санасы бұл ұғымды қалыптасатын емес, қалыптасып болған дәуір деп түсінеді. Бір елдің, бір мемлекеттің бір күнді көне сүрлеумен, көне іс әрекетпен аяқтап, таң атқанда жарқын елге, мейірімді жұртқа айнала салуы мүмкін емес екенін ұмытқан. Бұл тақырыпты тарқатардың алдында дамыған елдердің жүрген жолына назар аударып көрейік.
Қытай Халық Республикасы қазіргі замандағы әлемдегі ең қуатты мемлекеттердің бірі болып саналады. Қытайдың әлемдік аренада мұндай деңгейге XX ғасырдың 70-ші жылдарының соңында басталған қоғамдық реформа арқылы жеткендігі белгілі.
Қытайда ел ауызында «Дамуды 1 ғасырға кері шегіндірген 10 жыл», «10 жылдық былық», «Мәдениет зор төңкерісі» аталып кеткен 1966 жылдан 1976 жылға дейінгі аралықта Қытайдың алғашқы төрағасы Мао Цзэдунның денсаулығы нашарлауын пайдаланып, басқа топтардың билік жүргізген тұсы.
Бұл 10 жылда мемлекетте жалаң ұрандар көтеріліп, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері жұмыстан толықтай қуылып, ғылым мен білім, өндіріс кері кетті. Халық киерге киім, ішерге ас таппай, жүгері мен сібірткі басын қайнатып жейтін жағдайға жетті. 1976 жылдың қыркүйек айында Мао Цзэдун қайтыс болды. Билік басына 10 жылын ауыр азаппен түрмеде өткізген Дэн Сяопин келіп, 1978 жылғы ҚКП Орталық комитетінің он бірінші кезекті, үшінші пленумында үлкен өзгерстер әкелді.
Халықтың мүддесін қорғайтын экономикалық реформалар жүргізіле бастады. Барлық кен орындары мен өндірістерді шетелдік инвестрлардың қолына берді. Бұл реформаларды негізгі бес кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1-кезең 1978-1986 жылдар аралығы;
2-кезең 1987-1991 жылдар аралығы;
3-кезең 1992-1997 жылдар аралығы;
4-кезең 1998-2002 жылдар аралығы;
5-кезең 2002 жылдан бастап қазірге дейін;
Осылайша 1990 жылдардан бастап Қытай әлем елдері санаса бастаған алып елге айнала бастады, халықтың тұрмыс деңгейі де жақсара бастады. Қытай Халық Республикасы өзінің мықтылығын дәлелдеп жаңарған елге айнауына 20 – 30 жылын арнады.
Малайзия елін әлемдік алпауытқа, «Азия жолбарысына» айналдырған премьер-министр, реформатор Махатхир Мохамадте 22 жылын елінің дамуына, бірлікке келуіне, экономикасын дамытуға арнады.
1969 жылғы ұлтаралық қақтығыстан кейін дәрігер Махатхир Мохамад сол кездегі премьер-министр Абдул Рахманға хат жазып, елдегі ахуалдың Қытаймен жақсы қарым – қатынаста болып, Қытай ұлтының ғана жағдайын жақсартумен шектелмейтінін айтып, тығырықтан шығудың жолын ұсынады, биліктен жауап ала алмаған соң жазылған хатын жалпақ жұртқа жария етіп, халық алдындағы абройын көтереді, бірақ билік өкілдері оны осы қылығы үшін әбден әуре сарсаңға салады, 1970 жылы «Малайлар диллемасы» кітабын жазып шығады.
Кітапта Куала-Лумпурде орын алған жанжалдың, елдегі экономикалық күйреудің себеп-салдарын жан-жақты түсіндіре келіп, экономикалық дағдарыстан шығудың жолын ұсынады. Және ұлтаралық араздыққа жол бермеу үшін ендігі уақытта Малайзия тұрғындарының ұлтына, дініне қарап бөліп жармай, жалпыға бірдей малайзиялық ұстанымда болуға шақырады. Осылайша халық алдында ерекше құрметке ие болғанмен билік жағынан қудалауға түседі. Арада билік ауысып, жаңа премьер-министр Абдул Разак, Махатхир Мохамадті толықтай қолдайды.
Билік басына жақындағаннан кейін Махатхир Мохамад халқының 50% дан астамы ғана Малай ұлты құрайтын, 22% ын қытай ұлты құраса, қалған көп бөлімін үнді халқы құраған, елде мұслман, христан, будда дін өкілдері тұратын, сан – саққа бөлінген ауғанстанның жолын қайталауға дайын тұрған елді әлем назар аударған мықты елге айналдыруға 20 – 30 жыл уақыт кетті.
Түйін: дамуы тежелген елді жаңа мемлекетке айналдыру 1 – 2 күннің тіпті 1 – 2 жылдың ісі емес, билік басы ауысқанымен, заңдар өзгергенімен, сол өзгерісті жасайтын, жаңа заңдарды қатаң атқаратын саналы адамдар қалыптаспай біз армандаған «Жаңа Қазақстан» еш уақытта құрылмайды. Ал дұрыс іс жүргізетін, дұрыс жұмыс жасайтын адам қалыптасуына уақыт керек болады.
Ерзат Мусират,
Алматы
Парақшамызға жазылыңыз