//

Ақын Ринат пен депутат Ринаттың қайсысын қолдайсыз?

910 рет қаралды
Әлеуметтік желіде Ринат Зайытовтың депутат ретінде Петропавл мен Павлодар қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдіріпті.
Мен оқыған екі сайт та Ринаттың: “20 жылдан астам уақыт бойы Петропавл, Павлодардың атауын ауыстыру жайлы өз ойымызды айтып жүрміз. Бірақ еліміздің заңнамасында жергілікті халық пен жергілікті мәслихаттың талабы керек дейді. Мен екі қолыммен қолдаймын, егер жергілікті халық осы бастаманы көтеріп, заңға сай тиісті қол жинап, мәслихатта осы мәселе көтеретін болса барынша қолдауға дайынбыз”, – деген сөзін беріпті.
Бірақ бүгін осы жауапты толықтыратын видеоны көрдім, Ринат ол жерде: “Петропавл қаласында онсызда сепаратистік іс-қимылды көріп жатырмыз. Біз қазір отқа май құйып, қала атауын ауыстырамыз десек… бұл заңға қарама-қайшы. Кейін халықтың наразылығы тумайтынына кім кепілдік береді? Олар наразылық тудыруы мүмкін. Осы жағын біз реттеп, заң аясында халық та үндемейтіндей, біз де қанағаттанатындай жолын табуымыз керек” – дейді.
 
Мына видеодан соң 2018 жылы Петропавлда өткен айтыс еске түсті. Сол айтыста Ринат “бұл қаланы Қызылжар деп атау керек!” деп атой салған! Өз сөзімен айтсақ, “отқа май құйған”)
Зал дүр сілкінген!
 
 

Сөйтіп Қызылжардан Ринат бас жүлдемен қайтқан.
 
Ақын Ринат пен депутат Ринаттың қайсысын қолдайсыз?
 
Халима Тәжіқұлдың фейсбук парақшасынан
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар