//

Қырғызстан: Қырғыз тілін білмеген мемлекеттік қызметкер бола алмайды

938 рет қаралды
Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесі депутаттары “Мемлекеттік тіл туралы” конституциялық низамын-заңын екінші оқылымында бір ауыздан қабылдаған.
Бұл заң бойынша мемлекеттік қызметкер болуға үміткерлерге қойылатын талап мейлінше күшейтілген. Егер мемлекеттік тілді В1 деңгейінде білмейтін болса, онда ол мемлекеттік қызметкер бола алмайды. Тілді білудің В1 деңгейі дегеніміз қандай бір тілді меңгерудің орта деңгейі, яғни қарапайым, ауыз екі тілмен айтқанда тілді жеттік білмесе де сөйлегенде тілін шайнап тұрмайды, тұтығып, міңгірлеп тұрмайды, ойын толық жеткізе алады деген сөз.

Міне, елім, жерім, жұртым дейтін жұрттың баласы бізден әлде қайда алда, көш ілгері кетіп барады. Ал біздің «Ата Заңымызда Қазақ тілі – мемлекеттік тіл». Бірақ, біздің дүбәра депуттаттарымыз осы заңға «орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазып тастап, енді соның зардабын күні бүгінге дейін тартып келеміз. «Орыс тілі ресми тіл емес. Ресми түрде қолданылатын тіл» деп түсіндіріп, тайсақтаймыз.

Биліктің зау басында отырып алып Ата Заңды табанға салып басып тұрып, басқыншы, оккупанттардың тілінде шүлдірлеп қазақ халқына ақыл айтатындарды көргенде зығырданың қайнайды. Мемлекеттік қызмет істеп жүр ме, мемлекеттік тілде сөйлеу керек қой. Қара базарда жүрген жоқ. Сорлы қазақ бар ашу, ыза, араздық қыжылын үмітімен басады.

Мына жаңа сайланған депутаттар мұны, осы бір көзге шыққан сүйелдей, қазақтың болашағына кедергі, алынбас қамалдай болған зиянды бапты алып, көршіміз қырғыз және өзбек ағайындардан үлгі алып, азаматтық іс атқара ала ма, жоқ па? Тағы да үмітке аманаттаймыз!

Қарамер

 

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар