//

АҚШ Израильге берілетін көмекті тоқтата ма?

818 рет қаралды
photo: Al-Jazeera

Қатарлық Аль-Жазира телеарнасының вебсайты АҚШ Конгресінің мүшесі Бети Макколум (Betty McCollum) АҚШ тарапынан Израильге берілетін көмекті тоқтатуды ұсынған құжатты Конгресте талқылауға шығарғанын жазады.

Оны Конгрестің 17 депутаты қолдаған. Оның пікірінше, АҚШ тарапынан берілген көмек Палестина балаларына күш  қолдануға, оларды қоныстанған орындарынан қуып шығуға жұмсалып жатыр. Израиль тарапы басып алған Батыс Жағалауды “одан әрі біржақты аннексиялауға” ықпал ететін әскери қызметке жұмсалған.

“АҚШ-тың бірде бір тиыны адам құқықтарын аяққа таптайтын, отбасылардың үйлерін бұзып, Палестина жерлерін басыа алуға жұмсалмауы тиіс. АҚШ Үкіметі Израиль үкіметін қолдау мақсатында миллиардтаған доллар береді. Бұл қаржы Израильдің қауіпсіздігіне жұмсалуы тиіс еді. Өкінішке қарай, бұл ақша халықаралық құқыққа қайшы әрекеттерге  жұмсалып, күш қолданылуда, салдарынан зиян шегушілер көбейді” деген Бети Макколум (Betty McCollum) бұл заңды түсіндіре отырып. 

Жетекші Адам құқығы жөніндегі ұйымдар (Амнести интернешлді қоса алғанда) Израильді адам құқығын аяққа таптауда деп айыптайды. Ал бұл ел жыл сайын АҚШ-тан $3.8 миллиард доллар көмек алады.

Израильдің Әскери оккупациясы Актісі аясында өмір сүретін Палестина балалары мен отбасылары жөніндегі Адам құқығын қорғайтын құжаттың Конгресте қолдау табу мүмкіндігі өте төмен. Өйткені Израиль бұл Конгресте қос партияның да қолдауына ие.

Алайда Палестина құқығын қорғаушылар мұндай өлшемдер АҚШ саясаты туралы дебаттарға бастайды және Израильге жіберіліп жатқан қайтарымсыз көмектер жайлы мәселеге назар аударылады дейді. Олар қоғамдық пікірге сүйене отырып, Америкалықтардың біразы, әсіресе Демократтар, Палестиналықтарды қолдайды және Израильге көрсетілетін көмектің тоқтатылуын қалайды.

“Израильдің басып алынған Батыс Жағалауды бақылауға деген ұмтылысы тағы бір халықаралық заңды бұзуға әкеп соғуда. Ол Палестиналықтардың үйлерін заңсыз бұзып, палестиналық бейбіт тұрғындарды күшпен көшіруі” делінген құжатта. Сондай-ақ, 12 мен 17 жас аралығындағы 500 және 700 бала Израиль тарапынан қолға түсіп, сотқа дейін барған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар