///

Контентті әлеуметтік желіге бейімдеу тренинг қатысушыларға не берді?

7488 рет қаралды

20 мамыр күні Алматы қаласындағы SmArt.Point коворкинг-орталығында “Контентті әлеуметтік желіге бейімдеу” алғашқы жабық тренингі өтті. Мінбер медиа орталығы ұйымдастыруымен өткен тренингке түрлі медиадан 11 журналист қатысты. Негізгі мақсат –журналистерге ашық дереккөздеріндегі өңірлік датаны сараптауды үйрету. Сонымен қоса, тапқан даталарын визуализациялап, оны әлеуметтік желіге бейімдеу болды.

Тренингті 3 спикер жүргізді. Internews Kazakhstan ұйымының медиа эксперті, SDU Дата журналистика оқытушысы, “Мінбер” қоғамдық қоры жанындағы жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі Асхат Еркімбай “Ашық дереккөздегі өңірлік датаны түсіну және түсіндіру жолдарын” үйретсе, SDU аға оқытушы, “Мінбер” қоғамдық қорының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы “Дата визуализациялау және инфографика жасаудың оңай жолдарын” көрсетті. Тренингті мультимедиа журналист Баубек Сағындық “Контентті әлеуметтік желіге бейімдеу” тетіктерімен бөлісті.

“Тренинг үшін көп рахмет! Әр спикерден көп пайдалы ақпарат алдым. Дата журналистиканы аналитикалық материал жазуда қалай пайдалану керек екенін үйрендім. Сандарды визуализация арқылы берудің маңызын түсіндім. Сондай-ақ соңғы секцияда әлжеліге визуал жасауды үйрендім. Әр журналист SMM маманына қарап отырмай, өздері-ақ материалдарынының визуалын жасап, сала алатынын ұқтым. Тренингтен алған барлық ақпаратты әріптестеріме айтып, өз материалдарымыз бен жобаларымызда қолдана бастаймыз,”–дейді тренингке қатысушылардың бірі Назира Қасымбек.

“Тренинг маған көп пайдасын тигізді”,–дейді тағы бір қатысушымыз. Оның айтуынша, тренингке қатысудағы себебі – Дата журналистикаға деген қызығушылығы. “Тренинг арқылы көп ақпаратқа қанық болдым. Яғни,  визуализация қалай жасау керектігін, ақпаратты қалай табу керектігін, Инстаграм және өзге де әлеуметтік желіге ақпаратты қалай тиімді етіп беруге болатынын, оны қысқартып, халыққа қалай түсінікті қылып жеткізу керектігін – барлығын түсіндім. Алдағы уақытта көп бола бере берсін. Рахмет!”,–дейді ол.

Әдемі Ғазизова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар