//////

Шартарапты шуаққа бөлеген – «Шаңырақ Elite»

1433 рет қаралды

Ерекше қабілетті, күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге арналған балабақшалар жоқтың қасы. Бірақ бұл «Шаңырақ Elite» бөбекжайына қатысты емес. «Шаңырақ Elite» – Орал қаласындағы жалғыз инклюзивті кешен. Редакциямыз инклюзивтік бағытымен дараланған орталықтың ішкі өмірімен танысып қайтты.

«Шаңырақ Elite» бөбекжайы өз жұмысын 2022 жылдың 1 маусымында бастаған. Қазіргі таңда балабақшада барлығы 3 топ, әрбір топта 20 баладан, оның ішінде әрбір топта түрлі диагнозға шалдыққан 5-6 бүлдіршіндерді қамтып отыр. Балалар жас ерекшелігіне қарай 1,5-2 жас, 2,5-4 жас және 5-6 жастағы топтарға бөлінеді. «Шаңырақ Elite» түзету оңалту орталығында бөбектерге педагогика, коррекция, медицина саласынан кешенді көмек беріледі.

Ұлттық инклюзивті білім беруді дамыту ғылыми-практикалық орталығының ресми дерегіне сәйкес еліміздегі арнайы балабақшалардың саны Республика бойынша тек 44. Бұл дегеніміз Қазақстандағы 98,2 мың (Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы ресми дерегіне сүйенсек) мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер үшін тым жеткіліксіз көрсеткіш «Шаңырақ Elite» инклюзивті кешенінің жұмыстану ұстанымы – ерекше жандарды қоғамнан шектемей, керісінше көппен бірге түзету.

– Қазіргі таңда ата-ана үшін ең басты қауіп, бұл – уақыт. Баланы ерте жастан ем-шара, жүйелі консультация арқылы диагноздан сауықтырған жөн. Біздің бөбекжайдың көмегімен психологиялық, сөйлеу т.б. даму кідірістері байқалған кішкентай қызмет алушыларымыздың қатарында мүгедектік есептен шығарылып, қатарластарының қатарына қосылған балалардың барын атап өткен жөн. Бұл – біздің сапалы жұмысымыздың жемісі, – дейді «Шаңырақ Elite» бөбекжайының директоры Гүлнұр Төлеген өз сұхбатында.

Талай ата-ананың үмітін ақтап, балаларды қайта бейімдеуге машықтанған «Шаңырақ Elite» инклюзивті оңалту балабақшасының жұмысы жайында толығырақ бейнесюжеттен көріңіз.

Альбина Булатова,

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар