//

Семей орманы: Жанып кеткен аумақты қалпына келтіру үшін кемінде 50-60 жыл керек

910 рет қаралды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, жыл сайын елімізде әртүрлі масштабтағы мыңға жуық табиғат өрттері болады екен. Орман өрті, дала өрті, тіпті елдімекендер өрті тек былтырдың өзінде 6 миллиард теңгенің шығынын әкелген. Алайда мәселенің материалдық жағы есептелгенімен, табиғатқа, экологияға қаншалықты зиян шектіргенін ешкім қаперге алып жатқан да жоқ.

Ең қайғылысы, өрт адам өмірін де жалмауда, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше соңғы бес жылда дала өрті 18 адамның өмірін жалмаған.

фото: Абай облысының баспасөз қызметінен

Биылғы Сәуір айында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет отырысында аймақтардағы әкімшілік пен Экология министрлігінің балансында тұрған әрбір бесінші техниканың жарамсыз екендігін мәлімдеген. Кейбір орман шаруашылығы техникасының тек тең жартысы ғана өрт сөндіруге жарамды.

Ең қауіптісі, орман және дала өрттерінің жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны. Тек 2022 жылдың өзінде 801 орман өрті болған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 50ге артық.

фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

2023 жылдың өзінде 146 орман өрті тіркелген. Өртенген аумақ – 23 951 га, өрттің келтірген зияны – 66 миллион теңге.

Соңғы бес жылда болған орман өртінде адам шығыны орын алған. Мәселен, былтыр Қостанай облысындағы орман өртінің кесірінен 106 мың гектар орманның  43 мыңы өртеніп кеткен. Өрт жалыны елдімекендерге шауып,  1 841 адам эвакуацияланған, 10 адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды. Өрт салдарынан 108 құрылысқа зиян келді, жермен жексен болды.

 2021 жылғы Риддердегі ірі көлемдегі өртті екі күн бойы сөндіре алмаған.  Орман өртінің жалпы көлемі ‒ 276,4 га, материалдық шығын ‒ 252,4 миллион теңгеге жеткен.

Фото: Абай облысы әкімдігінің телеграм арнасы

Науырызым қорығында 2019 жылғы өрт жүздеген ағаш пен өсімдіктің, жан жануардың өлімімен аяқталды. Өртке шалынған аумақ ‒ 1000 гектар.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Біріккен Ұлттар ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) жасаған баяндамада 2100 жылға қарай жер шарындағы орман өрттерінің саны 50%-ға өсетін болады деген болжам жасалған. Ал мемлекеттер бұған дайын емес. Әлемдік сарапшылар мемлекеттерді қаржыны орман өрттерін ауыздықтауға емес, оның алдын алуға жұмсауға шақырды. 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар