//

Ресейдегі бүлік: Вагнер тобы неге қол жеткізді?

1138 рет қаралды
фото: ABC

Ресейде өткен аптаның соңғы күндері ресми билікті дірілдеткен бүлік болып өтті. 

Вагнер Пригожин негізін құрған Ресей жалдамалы әскерилерінен тұратын топ Ресей астанасы Мәскеуге қарай жорыққа аттанды. Ол өз әрекетін “Әділеттік жолындағы марш” деп атады.

Reuters агенттігінің жазуынша, Пригожин Украинадағы соғысты өтірік ойластырылған деп атап өтіп, Ресей қарулы күштері жасап жатқан “зұлымдықты” тоқтатуға шақырды.

Вагнер Ресей қарулы күштерінің Вагнер тобына бірнеше рет шабуыл жасағанын мәлімдеген, Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Вагнер тобынан қайтыс болған 2,000 жауынгерді жасырып отыр дейді.

Вагнердің Ресей Қарулы күштеріне қарсы жорығы Жұма күні кешке, яғни 23 маусымда басталды. Ресей билігі Пригожмннің әрекетін бүлікке теңеп, оған қарсы қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді.

Ресейдің Интерфакс ақпарат агенттігі Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков “маңызды шаралар қабылданып жатқанын” жеткізген. Ресейдің Украинадағы операциясы командасының орынбасары генерал Сергей Сировикин Вагнерге бірнеше рет ескерту жасап, “жау біздің осал тұсымызды пайдаланады. Ішкі жағдайымыздың әлсіреуін күтіп отыр” деді ол.

Мәскеу негізгі мемлекеттік мекемелердегі күзетті күшейтті. Жұма күні түнде Мәскеу көшелерінде қарулы көліктер пайда болған.

Сенбінің таңы Вагнер тобының Ресей қалаларына жорығымен басталды. Таңертең ерте мәлімдеме жасаған Пригожин Телеграм каналындағы аккаунтында оның сарбаздарының Украинаны тастап шығып, Ресейге бет алғанын айтады. Ол Ростовтың солтүстігін басып алып, Ресей қарулы күштеріне қарсы “барлық жолды адақтайтынын” айтқан. Ол жауынгерлерінің оның алдына кесе көлденең тұрған әрбір адамды аямайтынын айтады.

Дон жағалауындағы Ростовтағы соғыс машиналары

Ростов облысының губернаторы Василий Голубев облыс халқын үйден шықпауға және тыныштық сақтауға шақырды.

“Құқық қорғау органдары халықтың бас амандығы үшін барлық қажет шараларды қолданатын болады. Мен әрбір тұрғынның үйде болуын және тыныштық сақтауын сұраймын” деген ол Телеграм арқылы.

Пригожин Қорғаныс министрі Шойгу мен генералдардың басшысымен жолықтыруды талап етті. “Олар келмейінше, Ростов қаласына блокада жасап, Мәскеу жол тартатын боламыз” деді ол.

Wagner boss Yevgeny Prigozhin is seen sitting between two senior generals

Мәскеу антитеррорлық әрекеттерге дайындалып, Пригожинді “бүлікші” деп жариялады. Ресейдің Антитеррорлық комитеті Сенбі күні Мәскеуде контртеррорист режимнің жарияланғанын, әрі Ростов аумағын қоршауға алатынын мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Вагнер жауынгерлері Пригожиннің авантюрасы мен өтірігіне сеніп қалғанын айтып, олар егер өз еріктерімен берілсе, олардың бас амандығына кепілдік берілетінін айтқан.

ПУТИННІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Путин теледидар арқылы мәлі мәлімдеме жасап, Вагнер жауынгерлерінің Донбасс аумағын “азат етуге” қатысқан батырлар екенін атап өтті. Алайда Ресей мемлекеттік сатқындықпен бетпе бет келіп отыр, Пригожиннің бүлігі ту сыртымыздан салынған пышақ болды.

Путин Вагнер бүлігін сатқындыққа балады

Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, Вагнер тобының жауынгерлері Ресей астанасы Мәскеуге 500 шақырымдай қалған еді. Беларуссия президенті Лукашенко Пригожинмен телефон арқылы келіссөз жүргізгеннен кейін ол өз райынан қайтты. Шиеленісіп бара жатқан жағдай солай тынышталды. Пригожин әскерлерінің бостан босқа қанға бөккенін қаламайтындығын айтты.

Four military vehicles drive along an empty highway
Вагнер тобының қарулы машиналары. ()

Ресей Үкіметі Пригожиннің қарулы бүлігі үшін қозғалған қылмыстық істің тоқтатылатынын айтты. Пригожин Беларуссияға кетеді, ал Вагнер әскерлерінің бұған дейінгі “отан қорғаудағы” қызметі ескеріліп, ешқандай жаза қолданылмайды.

РЕСЕЙ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАДЫ МА?

Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қарсы соғысының салдары бүгінгідей адам айтса нанғысыз апатқа бастап отыр ма? Батыс басылымдары бұл Путиннің шарасыздығының белгісі деп пайымдайды. Мәселен, abc.net.au сайты “Оның Киевті бес күннің ішінде басып аламын деген жоспарының быт шыты шықты. Бұл соғыс Ресейдің жағдайын әлсіретіп, ақыр аяғы Путиннің құлауымен аяқталатын секілді” деп жазады. 

200 000 Ресей жауынгерлері осы соғыста қаза тапты немесе өлтірілді. Оның экономикасы әлемдік санкциялардың салдарынан зардап шекті, Ресейдің ақылды және кәсіби мамандары елді тастап кетіп қалды.

Қазір ол ең кемі 10 000 қарулы солдаты бар, өзінің жеке армиясын құрған ашулы адамның бүлігін басуға мәжбүр болды. Қазір бүлік басылғанымен, оның Путиннің абыройына әжептәуір нұқсан келтіргені айдан анық. Путин соғысы үшін Ресей азаматтары өз бостандықтарын, экономикасын құрбан етті, қазір азаматтық бүлік басталудың алдында. Көбі 70 жастағы, олардың қауіпсіздігіне кепіл бола алмайтын адамның президент болуын қалауы екіталай.

Путин билік құрғалы 23 жыл, сол уақыт аралығында соңғы 24 сағаттағыдай шарасыздықпен бетпе бет келмеген болар.

Аталған сайттағы келесі мақала Мәскеудің паникаға беріліп жатқандығы жазылады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар