//

Гранттың көп болғаны дұрыс па?

987 рет қаралды
Сонымен 2023-2024 жылға арналған мемлекеттік білім гранттарының иелері белгілі болды. 73 мың бала болашақ мамандарының иесі атанып қуанып жатыр. Осы ретте фейсбуктің қазақ сегментінде осыншама көп гранттың қажеті қанша деген талқылау жүріп жатыр. 
Мәселен, Қазақ гуманитарлық заң университетінің басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұқамеджан:
“94 мың оқушы грантқа тапсырады. Ал бөлінген грант саны 73 мың. Бәсеке мүлдем жоқ. 1 грантқа 1,5 мектеп түлегі таласқан. Менің ойымша Президентке дұрыс ұсыныс берілмейді. Немесе Президентке жалған ақпарат беріледі. Осындай қате ұсыныстың арқасында жақсы оқитын да, үлгерімі нашар да грантқа ие болады. Нәтижесінде университеттер түсініксіз жағдайда қалады.
Келесі мәселе, мемлекет төлейтін грант құны нарықтық бағадан бірнеше есе төмен. Және мемлекет нарықтық жағдайды әділетсіз реттейді. Мысалы, ұлттық университетте грант құны – 1 млн 300 мың теңге, ал мемлекеттік – 900 мың, жекеменшікке – 700 мың. Айтпақшы, осыдан 3 жыл бұрын 350 мың болып, сол кездегі министр қазіргі суммаға көтерген еді. Ал оқу ақысының өзіндік құны – 1 млнмен 1,5 млнның арасы. Бұл мәселені жылдам арада шешпесек керісінше жоғары білім саласына зиян тигіземіз. Себебі министрлік осындай гранттың құнымен сапалы білімді талап етуі орынсыз. Сонымен қатар ақылы оқитын студент жатақхананы ең соңғы болып иелену керек.
Ал енді мәселені шешудің дұрыс жолы бар. Яғни, білім сапасын реттеудің. Оны осыған дейін бірнеше рет айттық.
Біріншіден, гранттың санын азайтып, ал артылған сомаға гранттың құнын өсіруіміз керек. Себебі, жыл сайын гранттың санын өсіргеннен білімнің сапасы жоғарыламайды. Керісінше ертең мықты университеттер грантқа түсудің шекті балын өсіреді, нәтижесінде ұлттық және мемлекеттік университеттердегі білім сапасы одан сайын нашарлап, жағдайлары қиындай түседі.
Екіншіден, министрлік ғалымдарды тікелей қаржыландыруды қолға алу керек. Себебі гранттық қаржыландыру арқылы керісінше коррупциялық риск бар. Сонымен қатар ол өз нәтижесін бермейді деген ой айтады.

Алайда дәл осы әңгіме біраз талқыға түсіп жатыр екен. Мәселен, журналист Дина Имамбай 

“Бір грантқа 1,5 адамнан келеді, грант неге көп”,- деп жатыр екен, бұл орташа көрсеткіш қой. Қазақстанда орташа жалақы 250 мың деген секілді.
Халықаралық қатынастар, экономика, құқық мамандықтарына бір орынға 10-15 адам таласыпты.
Ал техникалық мамандықтардың кейбіріне бір де бір адам құжат тапсырмаған (!)
Су шаруашылығы (Гидромелиорация) – бір орынға 0,0 адам,
сумен жабдықтау және су бөлу – 0,2 адам
Материалдар өндірісі (әйнек, қағаз, пластик, ағаш өңдеу ) – 0,04 адам
Көлік құрылысы – 0,1
Химия инженерлері және химиялық үдерістер маманы – 0,2
Мал шаруашылығы – 0,2
Гидротехника құрылысы және су ресурстарын басқару – 0,4
Механика және металл өңдеу – 0,4
Информатика мұғалімі – 0,4
Агроинженерия – 0,4 адам.
Оқу-ағарту министрлігі мектепте кәсіптік бағдар беруге мән беруі керек.
Ата-аналар мұндай мамандық барын білмеуі де мүмкін, ал мұғалімдер білуге тиіс.
“Бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң, қор боларсың” деген ғой.
Айтпақшы, ата кәсібімізге де ешкім барғысы келмейді екен.
Жалпы білім гранттарының қандай қағидаттарға сүйеніп бөлінетіндігі әзірге беймәлім. Осыншама көп бөлінген грант ертеңгі дипломды жұмыссыздардың санын көбейтпей ме деген күдік басым. Бұл туралы белгілі педагог Өмір Шыныбекұлы да өз парақшасында жазады.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар