//

Франсис Фукуяма: Ресей әлсіреген сайын оның ықпалындағы елдер еркін бола бастайды

902 рет қаралды

Америкалық ғалым, Стенфорд университетінің Оливьер Номеллини Фриман Спогли атындағы Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері және FSI Демократия, даму және құқық үстемдігі орталығының (CDDRL) оқытушысы, саясаттану профессоры Франсис Фукуяма Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Бүгін қазақ оқырмандары оның “Либерализм және оған сын” атты кітабының тұсаукесеріне қатысып, кітабын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Бүгін журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген “Либерализм және оған айтылған сын” кітабының тұсаукесерін өткізген Франсис Фукуяма Қазақстанға не үшін келгендігін және қазіргі әлемдік саясатта Орталық Азияның неге маңызды екендігін тілге тиек етті.

“Ресейдің Украинаға соғысы туралы айтар болсақ, Ресей өзінің мақсатына қол жеткізе алмады. Ол Украинды толығымен өзіне бағынышты ете алмады немесе белгілі біл бөлігін иеленіп, Украинды бөлшектеу саясатын жүзеге асыра алмады. Бұл тұрғыдан алғанда Ресейдің әлсіреп бара жатқаны айқын. Ресей әлсіреген сайын оның ықпалындағы елдер еркін бола бастайды.

Егер Қытай туралы айтар болсақ, алғашқы он жылда Қытай аса ірі қарқынмен дамыды. Бірақ соңғы он жылда Қытайдың экономикасы қайта кері кете бастады. Әсіресе, соңғы он жылдағы өсімі тек 2% болды.

Либерализм әр елде әртүрлі мағынада қолданылып келді. Бұл адамдардың терминді қалай түсінгеніне байланысты болса керек. Еуропада либерализм еркін нарық айналымы, экономикалық еркіндікті меңзейді. Әлемдегі барлық адамзат, оның шығу тегі, түсі, нәсіліне қарамай адами қадір-қасиетке ие. Сол қадір қасиет құрметтелуі тиіс. Бұл қадір қасиеттер біраз құқықтармен қорғалады. Ол құқықты мемлекет басшылары Конституцияны пайдаланып, адам құқықтарын өз жағдайларына қарай реттеп алған. Бүгінде біз заңды құрметтейтін қоғамда өмір сүреміз.

Либерализм – Еуропада үш жүз жыл бұрын этникалық топтардың өзара тіл табысуын реттеу үшін пайда болды. 17-ші ғасырда діни алауыздық өте күшті еді. Кейін ұлтшылдық проблемалары туындады.

Либерализм айтады егер сен адамзаттың адами қадір қасиетін құрметтейтін болсаң, онда оны жеке адам ретіндегі құқықтарын да құрметтеуің керек. Оның таңдау жасау еркін, өмір сүру құқын, жеке көзқарасын құрметтей білуге шақырады. Егер қоғамда бір этникалық топ доминант күшке ие болатын болса, ол өзгелердің жүрегіне қаяу салады.

Бүгінде технологиялық тұрғыдан дамыған елдерге қарасаңыз, барлығы либерализм бағытындағы елдер. Олардың қай мемлекеттер екендігі өзі де белгілі. Тіпті бұл қатарға Қытай мемлекетін жатқызуға болатын шығар. 1978 жылы билік басына келген Дэн Сяопин экономикалық реформалар жасады. Ол халқына біраз еркіндік берді. Нәтижесінде Қытайдың бүгінгі жетістігіне куә болып отырмыз.

Алайда, өкінішке қарай, Қытай сол жетістігінен бүгінде айрылып қалды. Өйткені бұған себеп лидерлерінің либерализмнен бас тартуында. Путин де либерализмнен гөрі национализмді дұрыс санап отыр. Біздің елдің өзінде Трамп билікке келгенде либерализм біраз дағдарысқа ұшырады. Сол себепті, либерализмнің өміршең болуы сол мемлекеттердің басшыларына да қатысты.

Мәселен, Үндістан 1948 жылы мемлекет болып құрылғанда, либералдық құндылықтар негізінде құрылған болатын. Үндістан қоғамы әртүрлі этникалық топтардан, діни әртүрліліктен құралады. Оларда әртүрлі каста, тіл, дін бар. Алғашқы жарты ғасырда Үндістан халқы бір бірімен тіл табыса білді. Қазір онда жағдай күрделі, 200 миллион мұсылмандардың құқығы аяққа тапталуда.

Ресейдің Украинаға басып кіруі, менің өмірімде жасалған ең ірі стратегиялық қателік болды. Бұл жағдайды өте ушықтырып отыр. Шамамен жарты миллион адам шейіт болды. Бұл тек бір адамның ғана шешімінің салдарынан болып отыр. Дәл осындай қателікті “zero-covid” саясатын жүргізгені үшін жасады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар