//

Бизнестің қазақша сөйлемеуіне кім кінәлі? Орысша сөйлеу абырой ма?

Start

Алматы қаласында 24 қыркүйек күні «Қаладағы қазақ тілі және Бизнес қашан қазақша сөйлейді?» деген тақырыпта дискуссия өтті. Бизнестің қашан қазақша сөйлейтінін, оған кім кінәлі екенін талқы спикерлері мен келген қонақтар бірге анықтап көрді.

Дискуссия екі бөлімнен тұрды. «Қаладағы қазақ тілі» атты алғашқы бөлімнің спикерлері: Ғалым Жүсіпбек – зерттеуші, Халықаралық қатынастар саласындағы PhD докторы. Әннес Бағдат – драматург, Erkin adamdar қауымдастығы. Сабина Нұрғали – журналист, Tanda.bilim жобасының негізін қалаушы. Диас Маратұлы – Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының PR маманы. Модератор – Баубек Сағындық.

Алғашқы бөлімде – отарлау, колонизация, ойыншық театрындағы қазақ тілі мен орыс тілінде сөйлеуді абырой көру мәселелері талқыланды. Жиналған қонақтарға сұрақ қою мүмкіндігі бұл жолы басқаша туды.  Келген қонақтар сұрақтарын арнайы онлайн телеграм чат арқылы қойып отырды. Сондай-ақ талқының форматында қонақтар өз ұсыныстары мен қаладағы қазақша қызмет көрсетпейтін мейрамханаларды картадан көрсету арқылы шағымдары мен ұсыныстарын арнайы плакатқа жазды.

Талқыда талқыланған мәселелер бойынша «отарлау бітсе де, колонизация қала береді. Ол түпсанаға әсер етеді»,- дейді Ғалым Жүсіпбек. Ал Әннес Бағдаттың сөзінше, Отарлау екіге бөлінеді: саяси және мәдени. Отарсыздану–жоғалған дүниелердің орнын толтыру. Ал оны толтырумен қатар азаматтық қоғам құру үшін адамдар талап ету керек дейді спикер. Сонымен қатар Әннес Бағдат, соңғы уақытта орыс тіліне қатысты Абайдың «Орыстың тілі, дүниенің кілті» деген сөзі қаншалықты біздің қазіргі заманымызға қатысты айтылғанына тоқталды. «Абай өмір сүрген заманда бәлкім, орыс тілі ауадай қажет болған шығар, білімнің кілті болып, «көзі ашық» деп орыс тілін білген қазақтарды атаған шығар. Дегенмен қазіргі заманда сұраныс басқа. Абайдың бұл сөзін дәл қазіргі сәтте қолдану, тек орыс тілді қазақтарды ақтап алатын қолшоқпар ретінде пайдалану ғана, Абайдың сөзі барлық кезде жауап бере бермейді», –дейді драматург.

Талқының екінші бөлімінде «Бизнес қашан қазақша сөйлейді?» тақырыбына сәйкес қаладағы мәселелер көтерілді. Спикерлер: Жалғас Ертай – Qazaqsha jaz жобасының авторы. Шолпан Әйтенова – экономист, Zertteu Reserch Instittute ҚҚ. Раиса Сайран Қадыр – Steppe&World Publishing баспа үйі. Модератор – Дастан Аққожа.

Талқының екінші бөлімінде, урбанизация, бизнес саласындағы қазақ тілінің мәселесі, талқыланған мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.

Алматы қаласындағы урбанизация бойынша Диас Маратұлы былай дейді, «өзгерістерге ашық түрде қарсылық көрсетіп отырмаса да, ата-әжелері қалада бұрыннан тұратын артықшылықтарын жоғалтқысы келмейтін «нағыз алматылықтар» бейсаналы түрде кедергі жасап отыр»

«Орыс тіліне қолдау көрсетуіміз дұрыс емес. Ол өз алдына әлемдік тіл. Конституция деңгейінде қолдау көрстеіп отыр. Қолдау негізінде қазақ тіліне керек», – дейді Жалғас Ертай.

«Қазақ қоғамы иерархияны жақсы көреді. Бірі төменде, бірі жоғарыда болуы керек», талқыда айтылған тағы бір ой.

Талқының соңына қарай Workshop-пен жалғасты. Спикер: Қуат Дүйсен. Ол уоркшопта қазақ тілінде ақпарат алу, қызмет көрстеуге қатысты талаптар. Сонымен қатар Qazaqsha jaz жобасының мемлекеттік органдармен, бизнес құрылымдарымен адвокация негізінде болған тәжірибесімен бөлісті.

Талқы спикерлері мен қонақтарының қазақ қоғамына ұсынған ұсыныстарының желісіне құралған кейіпкер екі қазақтың әңгімесі:

—Бастаманы өзімізден бастау керек.

—Қалай?

—Күнделікті өмірде жиі пайдаланатын банкомат, ұялы телефонымыздағы түрлі қосымшалардың тілін қазақшаға ауыстырудан бастайық.

—Содан соң?

—Содан кейін бейтаныс адамнан бірдеңе сұрайтын болсаңыз, әңгімеңізді қазақша бастаңыз. Мейрамхана мен дәмханаға барғанда қазақша ас мәзірін сұратыңыз. Ескеріңіз, бұл әрекетіңіз агрессиялық түрде емес сыпайы түрде болсын. Мәдениетті түрде талап едіңіз. Іске сәт!

—Жарайды!

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар