«Шырақ» атты қысқаметражды мультфильм Audience choice award kids – 10 номинациясын жеңіп алды.
«ARA studios» деген атпен танылып келе жатқан қазақ анимация студиясы қысқаметражды мультфильмді жасап шығарды. Әлемнің 80-нен астам кинофестивальдеріне жіберіліп, Кливленд халықаралық кинофестивалінде үздіктер қатарына енді. Албаниядағы Тирана халықаралық кинофестивалінде Audience choice award kids – 10 номинациясын «Шырақ» мультфильмі жеңіп алды.
25 минуттық қысқаметражды мультфильм тек әуенмен таспаланған. Басты кейіпкер – шырақ. Балауыз отбасыдағы жылулықты сипаттайды.
«Қазіргі кезде ұлттық құндылықтарды ұмыта бастадық, сондай-ақ шынайы берік достық сирек кездесетін болды. Отбасыда ішкі жылулық азайды»-, дейді жоба авторлары.
Жоба авторларының айтуынша, «Шырақ» атты кейіпкер арқылы отбасыда жылулық болуын насихаттадық дейді.
Мультфильмнің премьерасы жуырда өтеді.
Мультфильмді көру үшін сілтемені түртіңіз: https://youtu.be/EdsC5J-FzJ8?si=cyIdGUfZY3N0UN9_
Парақшамызға жазылыңыз