Қазақстандық қоғамдық даму институтында «Ashyq syllabus» медиа саласындағы үздік білім беру бағдарламаларын талдау» жобасының отырысы өтті.
Жобаның мақсаты – медиакоммуникация бағытында білім беретін ЖОО студенттерінің әлемдік стандарттарға сай білім алу үрдісіне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ саланы одан әрі дамытуға қажет маңызды қадамдарды ұсыну.
«Ashyq Syllabus» жобасы “Мінбер” журналистерді қолдау орталығында дайындалды. Зерттеу тобына еліміздегі 6 ЖОО-ның журналистика мектебінің сарапшылары: Есенгүл Кәпқызы, Гүлмира Әшірбекова, Әсел Қамза, Молдияр Ергебеков, Айнұр Сламғажы, Асхат Еркімбай, Елнұр Алимова және Қарлыға Мысаева қатысты.
Жоба нәтижесінде сандық және сапалық деректер жинақталып, еліміздегі журналист мамандығын оқытудағы негізгі проблемалар анықталып, білім беру бағдарламаларының үлгілері әзірленді.
Бүгінгі шарада қатысушылар оқу орындарындағы теориялық және практикалық пәндердің үлесі, міндетті оқытылатын кредит саны, таңдау компоненттері және пәндер атауының бірізді болуы туралы бірқатар ұсыныс айтты.
Парақшамызға жазылыңыз