//

ИЗРАИЛЬ МЕН ПАЛЕСТИНА СОҒЫСЫ: бәрі неден басталды? 1917 – 2023 жж аралығындағы оқиғаларға қысқаша шолу

2683 рет қаралды
2
Иллюстрация: Mohamad Torokman/Reuters

Израиль араб соғысының жүріп жатқанына 100 жылдан асты. Екі мемлекеттің дауы – жер мәселесі. Бұған дейін шағын жарылыс, кішігірім шабуылдармен тыйыла бастаған келіспеушілік 2023 жылдың қазанында тағы да үлкен соғысқа ұласты. Екі тараптың арасындағы жанжал неден туындады? Тарихқа көз жүгіртіп, қысқаша шолып өтейік.

Қақтығыстың бастауы

Израиль мемлекетін құру Лондонның «еврейлердің ұлттық Отаны» атты жоспарынан негіз алған. Бұл шамамен 1917 жылдар болатын. Еврейлер Британдық биліктің уәдесіне сеніп сол уақыттағы Осман империясының қарамағына кірген Палестина жеріне бас сауғалап көше бастайды.

Фото: GETTY IMAGES | Британ билігі Палестинадағы заңсыз еврейлерді кемемен депортациялады

Қай ел бірінші болып құрылды?

Палестина мемлекетін құру туралы шешім 1988 жылы Алжирде өткен Ұлттық жиында қабылданды. Дегенмен күні бүгінге дейін Палестина жартылай егемен ел болып саналады. Себебі Палестинаның егемендігін БҰҰ мүшелерінің 198-ден тек 138-і мойындаған. Қазақстан Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін 1992 жылы мойындады.

Израиль мемлекетін құру туралы шешім Палестинадағы Британдық мандаттың аяқталуына бір күн қалғанда 1948 жылы қабылданды. Декларацияның мәні – еврей халқының тарихи Отанына оралып, тәуелсіз мемлекет құруы.

БҰҰ Палестинаны екі дербес еврей-араб мемлекетіне бөлу туралы резолюция қабылдап, Иерусалимге халықаралық бақылау қояды. Алайда Палестиналықтар бұл шешімді мойындаудан бас тартады. Міне сол кезден бастап соғыс оты тұтанады.

Фото: Алексей Стефанов (Түпнұсқасынан түсі мен тілі өзгертілді)

Алғашқы араб-израиль соғысы

Бірінші араб-израиль қақтығысы 1949 жылы Израильдің жеңісімен аяқталады. Кейін Палестина жері үш бөлікке: Израиль мемлекеті, Иордан өзенінің батыс жағалауы және  Газа секторы болып бөлінеді.

Фото: Wikipedia | Жеңістен кейін Израиль әскерилерінің Цфата көшесіндегі серуені

Алты күндік соғыс

5 маусым 1967 жылы Израиль мен Палестина арасында алты күндік соғыс өтті. Бұл жолы да Израиль жеңіп, Палестинаның басым бөлігін өзіне бағындырды.

Соғыстың сипаты қандай?

Жер үшін басталған соғыс уақыт өте келе 100 жылдық шиеленіске айналды. Тіпті діни кескілеске ұласты.

Иллюстрация: Mohamad Torokman/Reuters

2023 жыл.  Қазіргі жағдай қандай?

7 қазан күні «Supernova» фестивалінің барысында ХАМАС әскері Израильге басып кірді. Бұл концертке мыңнан астам халық жиылды. Оның арасында шетел азаматтары да бар. Алайда шабуылдан кейін жұрт шөлді кезіп, қаша жөнелді. 260-қа жуық адам мерт болып, тірі қалғандар тұтқынға түсті.

Бұл жағдайға қатысты ҚР Сыртқы істер министірлігінің мәлімдемесі:

«Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптайды. Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің кепілге алынған адамдарды алдын ала шартсыз дереу босату және гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеуін қолдаймыз».

ХАМАС деген кімдер?

ХАМАС – «Харакат аль-Мукавама аль-Исламия» атты палестиналық ислам қозғалысы. ХАМАС-тың билігіндегі аймақтар: Газа секторы және Иордан өзенінің батыс жағалауы. ХАМАС-ты Канада, Ұлыбритания, Австралия, Еуроодақ, Израиль, Жапон, Иордания, Мысыр және АҚШ мемлекеттері террористік ұйым деп таныды.

Фото: CHRIS MCGRATH | 2017 жыл, ХАМАС әскерилері

«Қазақстан ХАМАС ұйымын террористік ұйымға жатқыза ма?» деген сұраққа ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл мәселені тиісті орган, атап айтқанда, осындай ұйымның қызметіне баға беретін ҚР Бас прокуратурасы шешетінін айтты, деп мәлімдейді Ulysmedia.kz.

Аль-Ахли ауруханасын жарған кім?

Фото: ашық дереккөзден алынды | Аль-Ахли ауруханасындағы жарылыс орны

17 қазан жергілікті уақыт бойынша сағат 18:59-да Газа қаласындағы Аль-Ахли ауруханасының көлік тұрағында жойқын жарылыс болды. Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше жарылыстың салдарынан 471 адам ажал құшты. ХАМАС әскері шабуылды ұйымдастырған ЦАХАЛ (Израильдің қорғаныс күші) дейді. Араб елдері азаматтық нысандарды бомбалады деп Израильді айыптаса, Израиль өз кезегінде бұл ақпаратты жоққа шығарып, шабуылдың палестиналық әскерилердің іс-әрекеті дейді.

Италияның Сыртқы істер министрі Антонио Таяни Газа қаласындағы жарылысқа Израильдің қатысы жоқ деп мәлімдеп, қаза болғандардың санына күмен келтірді.

«Пропаганданың теріс әсерінен сақтану керек. Себебі 500 адамның өмірін қиды деген, — бірақ шын мәнінде 50-ге жуық адам болатын, — зымыранды Израиль ұшырған жоқ», — дейді Таяни Sky TG24 арнасына берген сұхбатында.

Жарылысқа қатысты кінәлі тарапты анықтау үшін БҰҰ шұғыл тексеріс өткізбек. Бұл туралы гуманитарлық мәселелер мен төтенше жағдайлар жөніндегі Бас хатшының орынбасары Мартин Гриффитс мәлімдеді.

«БҰҰ өз тергеуін жүргізеді. Бұл аз уақыт ішінде шұғыл болуы керек», — дейді Гриффитс CNN тілшісіне берген сұхбатында.

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

2 Comments

  1. Жарайсың, Әлбинә. Бір ескертпе “жатырған” деген сөзді әдеби тілде “жатқан” дейді, Мысалы “жатырғанына” емес “жатқанына” болады. Осыны ескер.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар