////

Ақшаны операторларға не үшін төлейміз? Жалпақсай ауылының тұрғындары интернеттің баяулығына налиды

2300 рет қаралды

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылының кейбір көшелерінде интернет мүлде ұстамайды. Студенттер емін-еркін сабақ оқи алмай, сыртта көше кезіп білім алуға мәжбүр. Бірақ ауылда интернетті пайдалану бағасы қымбат, ал жылдамдығының баяу болуы тұрғындардың жағдайын қиындатып отыр.

Калдыгарина Жанель – 3 курс студенті. Оның айтуынша онлайн формат кезеңінде үлгерімі төмендеп, тіпті қыстыгүні далаға шығып сабақ оқыған кездері болған.
“Ол уақытта мен 1 курс студенті едім. Карантин уақыты болғандықтан онлайн форматта білім алатын болдық. Үйде не сеть, не интернет жоқ, сабақтарымды қыстыгүні далаға шығып оқыдым”,- дейді ол.

Қазіргі таңда оффлайн форматта білім алатын Жанель, университет қабырғасында түнгі уақытқа дейін қалуға мәжбүр. Байланыстың жоқтығы мен үйдегі интернеттің баяулығы студенттің сабағына кедергі.
“Мен тіпті үйде жатып достарыммен байланыса алмаймын. Үйге кірген бойда не мен, не басқалар маған хабарласа алмайды. Күнімнің 60%-ын университетте, не басқа интернет ұстайтын жерде өткіземін”-, дейді Жанель.

Расымен, қазір интернет пен ақпарат заманы. Кез-келген адамның өміріне қажет. Ал Жалпақсай ауылының тұрғындары ай сайын қаражат төлеп отырған интернеттерінің баяулығына налиды.

40 МЫҢ ТЕҢГЕНІ НЕ ҮШІН ТӨЛЕП ОТЫРМЫЗ?

Сәтпаев көшесінің тұрғыны Маржан Ашимбаева көшіп келгелі жақсы интернетті мүлде көрмедік деп отыр. Айтуынша, жұмысы тікелей интернетпен байланысты болғандықтан қиындық туғызады. Мүлде төлем жасап, ақша аудара алмайтынын айтты.
“Отбасымызда 7 адам. Бәріміз Beeline қосымшасын пайдаланамыз. Себебі тек сол оператор терезенің алдында ұстайды. Әр қайсымыздың тариф құны 5-6 мың теңгеге жетеді. Сонда 7 адамның тариф бағасы 30.000 мың теңге делік. Қосымша бір жыл бұрын 120 000 мың теңгеге антенна орнатып, уай-фай қосуға тура келді, құны 10000. Уай-фай кейде істеп, кейде істемей қалады. Сонда біз 40 000 мың теңгені не үшін төлеп жатырмыз? Нашар интернетке ме? ”- дейді Маржан ханым.

Осы тақырып бойынша Қаскелең қаласында орналасқан Билайн орталығының бас менеджерімен сұхбаттастық. Түзелбаев Дастанның мұнда жұмыс істегеніне 3 жылға жуық.
“Біз жергілікті жердің сеть байланысына жауап бере алмаймыз. Билайн кез-келген жерде ұстайтынын көпшілік біледі. Бізді көбінесе ауыл тұрғындары қолданады, себебі біздің байланыс тіпті таулы жерлерде жақсы ұстайды. Тариф мәселесіне келетін болсақ, баға өз сапасына лайықты деп есептейміз ”-, дейді Дастан.

Билайн операторы елдегі абоненттер саны бойынша көшбасшы, оның қызметін 10 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. Ал 2022 жылдың сараптамасы бойына 85,5 мың адам Билайн операторына ауысқан.


Инфографика БізМедиа сайтынан алынды.

Осы мақаланы әзірлеу барысында Жалпақсай ауылының басқа көшелерімен серуендеп қайттым. Байланыс бар, сеть ұстайды. Дегенімен, Сәтпаев көшесінің тұрғындарының айтуынша үйлердің бірінде түтік (заглушка) орналасқанын білдік. Сәтпаев 56 тұрғын үйінің бұрынғы иесі Мұхтар Әблязовтың аудармашысы болған деседі. Үйде заглушка орналасқан соң тұтас көше интернетсіз отыр дейді көше тұрғындары.

Сәтпаев 56 үйінің тұрғындары бұл ақпаратты растап отыр. Айтуынша 2013 жылы осы үйді сатып алғанда Мұхтар Әблязовтың аудармашысының әкесімен келіссөз жүргізгенін айтады.
“Ақшаны терминал арқылы шетелге жібергеніміз есімде. Үйде ата-анасы тұрған сияқты, себебі ол кісінің өзін көрмедік. Бірақ үй сол кісінің атында болған, аты-жөні есімде жоқ”,- дейді.

Дегенімен бұл сенімсіз ақпарат болғандықтан ауыл әкіміне тікелей сұхбаттасуға бардым.

Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Үмбеталиев Серік Қалижанұлы.

“Жалпы ауылда интернет жақсы ұстайды. Тек сол аймақтағы 1-2 үйде байланыс жоқ деп шағымданған. Қазіргі кезде бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Себеп-салдарын білмегендіктен толық ақпарат бере алмаймын”,- деп қысқа жауап қайырды.

Ұялы байланыстың жоқтығы, ин­тер­неттің жылдамдығының төмен­дігі тұрғындардың әлеуметтік жағ­дайына, өз міндеттерін ойдағыдай атқаруына, жұмыстарын құлшына істеуіне, бала­ларының тиісті деңгейде білім алуына кері әсерін тигізіп жатқаны анық.

Алида Нұржанова, 

SDU университеті,

“Журналистика” мектебінің 4 курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар