///

Әйелдер үшін қауіпсіз ел қандай? Қазақстан 177 мемлекеттің ішінен 70-ші орында

1150 рет қаралды
minber.kz

АҚШ-тың Джорджтаун институты ұйымдастырған Әйелдер, Бейбітшілік және Қауіпсіздік индексінің (WPS индексі) 2023 жылғы нәтижелеріне сәйкес Қазақстан 177 елдің ішінен 0,729 индексімен 70-ші орында тұр. Зерттеу қорытындысына сай қай мемлекет әйел адамдар үшін ең қауіпсіз? Қайсысы керісінше қауіпті аймақ? Статистикалық деректерді бірге қарастырайық.

minber.kz

WPS индексін Норвегия Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Джорджтаун институты Әйелдер, Бейбітшілік және Қауіпсіздік индексі жобасы және PRIO Гендер, бейбітшілік және қауіпсіздік орталығы шығарады.

minber.kz

Неліктен Дания ең жоғары, ал Ауғанстан ең төмен?

Ортистің айтуынша, Дания барлық көрсеткіштер бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін тізімде бірінші орында тұр.

Барлық әйелдер банктік шотқа 100% қол жеткізе алатын 13 елдің бірі; гендерлік тең құқықтық кодексі бар 14 елдің бірі; әйелдердің сот төрелігіне қолжетімділігі бойынша ең жоғары рейтинг.

Ауғанстанда, керісінше, әйелдер орта есеппен 3 жылдан кем мектепке барады; әйелдердің тек 5% өз банктік шотына қол жеткізе алады; әйелдердің 90%-тен астамы қарулы қақтығыстарға жақын жерде тұрады. Ауғанстандағы ана өлімі әлемдегі ең нашар 10 елдің қатарына кіреді.

minber.kz
minber.kz

Әйелдер, Бейбітшілік және Қауіпсіздік жаһандық индексінің (WPS индексі) 2023 жылғы шығарылымы инклюзивтілік, әділдік және қауіпсіздік тұрғысынан 177 елді бағалайды және олардың рейтингін береді.

minber.kz

Инклюзивтілік

Әйелдердің білім берудегі, жұмысқа орналасудағы және парламенттік өкілдіктегі жетістіктерімен, сондай-ақ ұялы телефондар мен қаржылық қызметтерге қолжетімділігі ескерілді.

Әділдік

Бұған әйелдерге қатысты заңды кемсітушіліктің жоқтығы, сот төрелігіне қолжетімділік, ана өлімі және қоғамдағы ұл рөлінің басымдығы жатады.

Қауіпсіздік

Индекс үй шаруашылығында, қауымдастық және қоғам деңгейінде жыныстық немесе саяси зорлық-зомбылыққа ұшырау және қарулы қақтығыстарға жақын жерде тұратын әйелдердің үлесі арқылы өлшенеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар