//

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді

829 рет қаралды
photo: Егемен Қазақстан

2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім күшіне енді. Енді екі ел азаматтары визалық талаптардан босатылды.

Келісімнің 1-ші бабына сәйкес азаматтарға:

  • жеке істерді;
  • туризмді;
  • ем қабылдауды;
  • халықаралық тасымалдарды;
  • транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін виза қажет емес.

Азаматтар екі мемлекет аумағында күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімдегі кезең бола алады. Күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде болу мерзімінің жиынтығы күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспауы қажет.

 Егер азаматтар 30 күннен артық болуы қажет болған жағдайда, алдын ала қамданып, тиісті санаттағы кіру визасын рәсімдеуі қажет.

Визасыз режим келесі қызметтермен айналысуға құқық бермейді:

  • жұмысқа орналасуға,
  • оқуға
  • миссионерлік қызмет жасауға.

Қытай Халық Республикасының Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аудандарының аумағына баруға бұл келісім қолданылмайды. Яғни, Қазақстан азаматтары Гонконгқа визасыз 14 (он төрт) күннен аспайтын мерзімге бара алады, ал Макаоға бару үшін міндетті түрде виза рәсімдеу қажет болады.

Осы орайда, Қазақстандықтардың 34 елге визасыз бара алатын туралы атап өткіміз келеді.

Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 13 қараша күні өткен брифингте 8 қарашада Сан-Марино қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сан-Марино Республикасының Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылғаны туралы мәлімдеді.

Келісімге сәйкес жол жүруге жарамды ұлттық, дипломатиялық немесе қызметтік паспорттары бар Қазақстан Республикасы мен Сан-Марино Республикасының азаматтары туристік, іскерлік және басқа да мақсатта бір реттік немесе бірнеше рет сапарларға бару үшін әрбір 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар