//

Жыл сайын 20 мыңнан аса шақалақ шала туады

806 рет қаралды
Сурет авторы Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ. Фотокөрмеден үзінді.

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен алғанда өмірге келетін 20 мыңнан аса нәресте мерзімінен бұрын туады. Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік кезінде 36 аптадан аз, ал дене салмағы 2500 граммға жетпей туылған шақалақ шала болып өмірге келді дегенді білдіреді.

Әлемде жыл сайын 15 миллион бала шала туған болса, оның 20 мыңға жуық үлесі Қазақстанға тиесілі. Орта Азия елдері арасындағы шала туған балалардың өлімі бойынша Қазақстан соңғы қатарда. Дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 12 пайызға өсіп, шала туған нәрестелердің өлімі 2 пайызға төмендеген.

Дәрігерлердің айтуынша, шала туған нәрестелерде жүктілік кезінде анатомиялық тұрғыдан дұрыс қалыптаспаған ағзалар өмір сүру үшін қауқарсыз. Өте жұқа және нәзік тері және тері астындағы майдың төмен деңгейі, жетілмеген өкпе ағзаны оттегімен қамтамасыз ете алмайды, жүрек-қан тамырлары мен ас қорыту жүйелері жетілмеген, сонымен қатар гипоксияға  орталық нерв жүйесі өте сезімтал болады.

17 қараша халықаралық шала туған балалар күніне орай «University Medical Center» корпоративті қорының филиалы елордадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында мерекелік шара ұйымдастырды.

Шала туған баланың шырағы бар
Фотокөрмеден естелік. Фотосурет авторы Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ.
Шала туған баланың шырағы бар
Шақалақ. Сурет авторы Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ.
Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар