Осыдан бір жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 27-қарашада Екібастұз ЖЭО-да (жылу электр орталығы) ірі көлемді апат болған еді. Салдарынан бірнеше тұрғын үй жылусыз, оған қоса сусыз қалды.
Арада екі ай өткенде, осы жылдың ақпан айында бұл келеңсіз жайт қайта қайталанды. Тұрғындардың бұл қиындықты қайта бастан өткермесіне кепілдік бар ма? Мәселені жылу жүйесінің құнын көтермей-ақ қалай шешуге болады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын қарастырып, апаттың себебін талдап, тұрғындардың пікірлерін бөлісе отырып алдағы қысты Екібастұздықтардың тоңбай өткізуі үшін қандай перспективалардың барын анықтаймыз.
27 қараша түнінде Екібастұз ЖЭО-да жылу жүйесінің ақауы орын алды. Салдарынан бірнеше жылу ошақтары істен шығып, 230 тұрғын үй мен ондаған әлеуметтік нысандар жылусыз қалды. Жергілікті ауруханалардағы жүкті әйелдер мен жағдайы ауыр науқастарды Павлодарға эвакуациялауға тура келді. Балабақшалар жұмысын тоқтатып, мектеп оқушылары онлайн оқи бастады.
Айта кетейік, сол уақытта далада 30 градус аяз болатын. 28 қараша билік өкілдері Екібастұзда төтенше жағдай жариялады. 12 эвакуациялау бекеті жұмыс істеді. Төтенше жағдайдың оныншы күні ақау реттеліп барлық үйге жылу берілсе де, қатты аяздың әсерінен құбырлар қатып, жарылғандықтан пәтерлерде сол күйі жылу болмады. Дегенмен Орталық Азия электроэнергетикалық корпорациясы пәтерді қалпына келтіру шығынын толық өз мойнына алды.
МӘСЕЛЕНІҢ СЕБЕБІН БӘРІ БІЛДІ, АЛАЙДА ОҒАН НАЗАР АУДАРҒАН ЕШКІМ БОЛМАДЫ
ЖЭО-ның ескіргені туралы кей адамдар тіпті жазда сөз қозғаған. Құрылғылардың 90% толық ұсталып біткен, тозығы жеткен. Бірақ әкімшіліктің бірде біреуі бұл шағымдарға мән бермеген. Тұрғындар басшылықтың мәселенің барын білсе де, алдын алу үшін түк әрекетке бармағанына қапалы.
Екібастұз ЖЭО-ның иесі, CAEC төрағасы, Бағдат Оралдың сөзінше апаттың себебі — тозығы жеткен 421 километрді қамтитын жылу жүйесі. Жылына акционерлер кәсіпорынға 2 млрд теңге инвестициялайды. Алайда ол ақша жөндеу жұмыстарынан бөлек, көмір сатып алуға, жұмысшылардың жалақысына және тағы басқа шығынға кететін көрінеді. Осылайша Бағдат мырзаның сөзінше компания таза табыс көзін тек жылу қызметінен түскен ақшадан алуға қауқарлы.
Нормативтік актілерге сәйкес, жыл сайын кем дегенде 25 шақырым желі жаңартылуы керек. Сонымен қатар, кәсіпорын ұсынған қызметтер үшін алынған ақша желінің тек 600 метрін жөндеуге жеткен. Әрине, қызмет бағасын көтеру оңайға соқпайтынын білеміз. Бірақ жылу қызметтеріне төленетін ақы — компания үшін жалғыз табыс көзі», – дейді Бағдат Орал.
Яғни, оның сөзінше, коммуналдық қызмет есебінде жылу бағасын жеткіліксіз төлейтін тұрғындардың өздері кінәлі.
Энергетика министрлігі Қазақстанның 37 ЖЭС-нің 22-сі жеке меншікте екенін атап өтті. Олардың техникалық жағдайы мәз емес, сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осы электр станцияларын мемлекетке қайтару мәселесін қайта қарастыруды тапсырды. Президенттің баспасөз хатшысы кәсіпорындарды басқарудың төмен сапасы апаттарға және электр энергиясымен қамтуды тоқтатуға әкелетінін айтты.
Бірінші вице-премьер Роман Скляр Екібастұз ЖЭС-гі апаттың нақты себебін айтты. Оның сөзінше, байқаусызда екі қосымша сорғы қосылып, тозығы жеткен құбырларға шамадан тыс қысым түсіп, салдарынан жылу жүйесіндегі зақымдарға алып келген.
«Бастапқы сағатта 70-тен астам істен шығу анықталып, оның 15-і күрделі болған», – дейді Роман Скляр.
Осыдан-ақ мәселенің туындау себептерін айшықтауға болады: жылу жүйесінің тозуы; қаржы жетіспеушілігі; басқару қатесі; жеке ЖЭО проблемалары. Ендігіде адамдар өз үйлерінде үсімесін десек, мемлекет қандай жақсы өзгерістер енгізеді екен деп үміттену мен күтуден басқа амал жоқ.
ХАЛЫҚ СУЫҚТА БІР-БІРІНЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСТІ?
Екібастұздық «Отарка» газетінің журналисі Дарья Эргазина: “Екібастұз үйлеріне әлі де жылу берілмеді. Адамдар далада от жағып жылынып жатыр. Құбырда су қатты, кәріз істен шықты. Дала температурасы минус 30 градус. Тыста балалар мен қарттар бар. Билік төтенше жағдайда өз азаматтарына көмек көрсетуге қауқарсыз екенін көрсетті. Сыртта жылы шатырлар, тамақтанатын орындар, уақытша дәретханалар орнатылмаған. Былай уақытта адамдарды эвакуациялау жүріп жатқан жоқ. Осындай шұғыл қажеттілігі бар іс-шараларды ұйымдастырудың орнына, президент Тоқаев төтенше жағдайдың туындауын болдырған шенеуніктерден құралған кезекті комиссия құрып жатыр” деген еді сол кезде.
Бұл комиссия жаңа заңжобасын жасауды ұсынды, дейді Мұхтар Тайжан есімді тұрғын. Осымен 5 күн қатарынан Екібастұзда «Сабой», «Lanzhou Mix», «Кабулете» кафелері сусыз, жылусыз адамдарға тегін тамақ берді.
«Lanzhou Mix» күніне 600-700 адамды тамақтандырып жатыр. «Кафеде ауқаттануға немесе үйге өзіңізбен бірге алып кетуге болады», – дейді қызметкерлер мен әйелдер. 15-не дейін кез-келген адам келіп, тегін тамақтанса болады. Бұл кафеге көпбалалы ана Нұрсипат Қаракева төрт баласымен түскі асқа келген. «Менің үйімде жылу жоқ», – дейді ол. Екібастұзда гуманитарлық бағытта бес еріктілер ұйымы жұмыс атқарды. Олар: «Жастар Рухы», «Легион-14», «Лидер», «ПГУ Экибастуз», «Ана» фонды. На сегодняшний день Төтенше жағдай министрлігі 500 төсек және жылы көрпе жиынтықтарымен қамтыды. Павлодарлық «Атамекен» ҰКП және Іскер әйелдер қауымдастығы 21 адамға көмек берді.
Атығай ауданы Ақкөл ауылдық округтері азық-түлікпен қамтылып, қалада бірнеше моншалар тегін қызмет көрсетті.
Сонымен қатар Екібастұз еріктілері «Екібастұз тұрғындарына көмек» атты WhatsApp топ ашқан. Жиналған қаражат көрпелер мен жылытқыштарды сатып алуға жұмсалды. Таксистер де қарапайым халық тегін жүріп тұру үшін WhatsApp топ құрған.
Кәсіпкер Алмас Даржанов еріктілерге аяқ-киім мен 20 жылытқыш таратқан.
СОЛ УАҚЫТТАҒЫ БИЛІКТІҢ ӘРЕКЕТІ
Павлодар облысының әкімі жылыту мәселесі шешілгенге дейін Екібастұзда қалатынына уәде берген. Жөндеудің құны шамамен — 4 млрд теңге болуы мүмкін деп болжалды. «Қазіргі уақытта тиісті тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша барлық кінәлілер жауапқа тартылады», – деді Әлихан Смайылов Екібастұздағы төтенше жағдай туралы. «Жағдай дереу бақылауға алынды. Алғашқы күндері апатты жерлерді анықтауда қиындықтар туындады, бірақ қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын».
«Біз бүгін немесе ертең барлық тұрғын үйлерге жылу қосу жұмыстарының жүргізілуін күтудеміз», – деді Смайылов. Жылу электр станциясы жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету және қалалық жылу желілерінің жаңартылуын инвестициялау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Бірінші бағыт. Әкімдік кешенді жылу аудитін жүргізді. Ол гидравликалық режимдерде теңсіздік және Екібастұз жылыту жүйесіне шамадан тыс күш түсетінін анықтады.
Екінші бағыт. Орамішілік және магистральдік жылу желілері жөнделу үстінде. Көктемде гидравликалық сынақтар жүргізілді, соның арқасында жылу желілерінде 200-ге жуық зақым анықталды. Бұл зақым толығымен жойылды. Күзде бұл тексеріс қайта өткізіледі.
Үшінші бағыт. Жылу электр станциясындағы жөндеу жұмыстары. Жылу электр станциясында 10 қазандық агрегаты орнатылған, оның бесеуі-энергия блоктары, бесеуі-су жылыту қондырғылары. Ыстық сумен жабдықтау станцияларын бөлшектеу жұмыстары аяқталып, жақын арада монтаждау жұмыстары басталады. Қазандықтардың бірінші бөлігі жылыту маусымы басталғанға дейін дайын болады. Резервтік қазандықтардың екінші бөлігі қыркүйек, қазан, қараша айларында қосылады.
Төртінші бағыт. Резервтік қазандықтарды дайындау. Екібастұздық ЖЭО қатты аязда толыққанды жұмыс істеуі үшін төрт су жылыту және екі энергетикалық қазандық орнатылуы қажет. Төрт қазандық резервте болады деп жоспарланып отыр.
Бесінші бағыт. Көппәтерлі тұрғын үй қорын дайындау. Екібастұзда орналасқан 690 көппәтерлі үйдің ішінен әкімдік KSK нысанында да, OSI нысанында да, серіктестікте де қызмет көрсетілмейтін 184 үйді анықтады. Бұл үйлерді жылыту маусымына әртүрлі кәсіпорындар дайындайды. Басқа пәтерлерді аймақтық билік қыс мезгіліне дайындайды.
Павлодар облысы әкімінің айтуынша, соңғы 10 жылда алғаш рет Екібастұздағы 690 үйдің 570-і жылыту кезеңіне дайындық сертификаттарын алды.
ЕКІБАСТҰЗДЫҢ ЕНДІГІ ТАҒДЫРЫ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ?
Қазандықтар жөнделді. Бұл іске 190 млн теңге жұмсалды. Қазандық агрегаттары 50% – ға жаңғыртылды. Қалған қазандықтарды жөндеу жұмыстары жақын арада жүргізілетін болады.
Тұрғын үй мәселелері бойынша халықтың өмір сүру сапасы мен жағдайларын жақсарту мақсатында жалпы сомасы 84,9 млрд теңгеге тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 37 іс-шара іске асырылатын болады. Сонымен қатар, қалада 50 км магистральдік және орамішілік жылу желілері салынып, қайта жаңартылады. Кешенді жоспарда 200 мың м2 кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысы, жеке тұрғын үй құрылысына 370 учаске бөлу қарастырылған.
Министрдің айтуынша, 2025 жылға қарай Екібастұз қаласында 199,4 мың м2 тұрғын үй немесе 2,8 мың тұрғын үй салу жоспарланып жатыр. Атап айтсақ, кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен 67,5 мың м2 тұрғын үй немесе 748 пәтер жалға берілетін және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарда.
Жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарын қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 3 млрд теңге бөлу алға қойылған. Инженерлік инфрақұрылыммен 370 жер учаскесі де қамтамасыз етілетін болады. 1,2 мың уақытша жұмыс орнын құру жоспарланып жатыр. Сумен жабдықтауға келетін болсақ, қазіргі уақытта министр хабарлағандай, Екібастұз қызметтердің 94% – на қол жеткізе алады. Бөлінген қаражат есебінен 104,7 км су желісі, кәріз желілері салынып, реконструкцияланады. Бұл жаңа 481 жұмыс орнын қамтиды.
Камила Мажеренова,
Камила Балғабекова,
SDU, “Журналистика” мектебінің 4-курс студенті
Парақшамызға жазылыңыз