//

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы: ата-аналарға нені білу қажет?

1169 рет қаралды
Коллаж: Ұлыс медиа

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасын іске қосу жоспарланған. Бағдарлама аясында Қазақстанның барлық кәмелетке толмаған азаматтарына жыл сайын ҚР Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50% есептелетін болады. Оған қоса балаларға өткен жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыратын болады. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептелетіні туралы хабарлады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы: ата-аналар не істеу керек?

2006 жылы және одан кейін туылған, оның ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындалған балалардың заңды өкілдері “Ұлттық қор –балаларға” бағдарламасына кепілді түрде қатысу үшін бүгін не істеуі керек:

  1.  балалардың азаматтығын айқындау үшін баланың жеке басын куәландыратын құжатты, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу;
  2. баланың деректемелерінің бар-жоғын және олардың дұрыстығын тексеру: кәмелетке толмаған адамның Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, азаматтығы;
  3. “электрондық үкімет” веб-порталындағы Жеке кабинетінің “Балалар туралы мәліметтер” бөлімінде өзінің балалары туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруге тиіс.

Активтер қайда түседі? 

Нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды, міндеттемелерді, нысаналы жинақтау шоттарындағы нысаналы жинақтарды есепке алу, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асыру жөніндегі оператор ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры айқындалған.

Мақсатты талаптар мен мақсатты жинақтарды есепке алу АҚШ долларымен жүргізіледі.

Балалардың заңды өкілдері “электрондық үкімет” веб-порталына (egov.kz) өздерінің Жеке кабинетіне кіріп, “Балалар туралы мәліметтер” бөлімінде әрбір жыл үшін нысаналы талаптардың сомасына есептелген нысаналы талаптар мен инвестициялық кірістің сомалары туралы деректерді тексере алады.

Қашан алуға болады және қандай мақсатқа жоюға болады?   

Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі.

18 жасқа толғаннан кейін БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты ашылады. Шоттағы қаражатты екі мақсатқа:

  • тұрғын үй жағдайларын жақсартуға;
  • білім алуға ақы төлеу үшін пайдалануға болады.

Оны уәкілетті операторлар, яғни “Қазпошта” АҚ және екінші деңгейдегі банктер арқылы іске асыруға болады.

Қаражат нысаналы жинақтау шотына аударылғаннан кейін инвестициялануын тоқтатады.

Есептеу қандай жағдайларда тоқтатылады? 

Нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған, не соттың қайтыс болды деп жариялаған шешімі заңды күшіне енген, азаматтығын жоғалтқан жағдайда нысаналы талаптарды есептеу тоқтатылады.

Нысаналы талаптарға қатысушының/нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты олардың мұрагерлері нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен БЖЗҚ-ға жүгіне алады.

Қандай жағдайда қаражатты пайдалану құқығынан айырылады? 

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.

Алушының 18 жасқа толғаннан кейін 10 (он) жыл өтсе де төлемдер алуға өтініші болмаған кезде талап етілмеген нысаналы жинақтау сомалары БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылуы тиіс. Оларды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар