Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, 2024 жылдан бастап “Ұлттық қор – балаларға” жобасы іске қосылады. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы есепшотына аударылады.
Ұлттық қордың есебі бойынша балалардың есепшотында 18 жасқа дейін 3,5 мың доллар (қазіргі курспен 1 668 730 теңге) жиналады. Есепшоттағы ақша доллармен жинақталады. Себебі ұлттық банк оны бала 18 жасқа дейін толғанша инвестициялап отырады. Ал төленетін кезде сол күнгі курспен теңгеге аударылады.
Бөлінген қаржы 18 жасқа толған баланың бар қажетін өтей ме?
— Жиналған ақша жете ме, жетпей ме деген сұрақ өзекті. Әрине, шетелде оқитын болса, оқуға жетпеуі мүмкін. Бірақ азғантай болса да ұлттық байлықтың шетінен алып, өзінің бір жыртығын жамайтын болса, ол да бір жетістік емес пе?! Бірақ ол 3 мың доллар бола ма, 4 мың немесе 5 мың доллар бола ма – біз айта алмаймыз -, дейді сенатор Бекбол Орынбасаров әр жылдары инвестициялық табыс әртүрлі болуы мүмкін екенін ескертіп.
Жиналған қаржыны бала қашан пайдалана алады?
Қаражатты білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға мақсатында ғана жаратуға болатынын айттты. Бала 18 жасқа толғанға дейін аударылған ақша Ұлттық қорда болады. Ұлттық банк оны қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Барлық балаға тең құқық қарастырылған. Баланың туған күнінен бастап немесе баланың Қазақстан азаматтығын алған күнінен бастап он сегіз жасқа толғанға дейін оған бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін әрбір баланың шотына бірдей сома аударылып отырады.
Ұлттық қордың мөлшері қазіргі таңда 57 млрд АҚШ доллары. Соның 2,6 пайызы – 100 пайыздық инвестциялық табыс. Дәл сол инвестициялық табыстың жартығы Қазақстандағы 6,7 млн балаға бөлінеді. 2024 жылы 1 қаңтарда қанша бала болады – соның бәріне бөлінеді. Дегенмен Дәурен Темірбеков 2024-2042 жыл аралығында 18 жасқа дейінгі балаға қанша сома түсетінін нақты айта алмады.
Парақшамызға жазылыңыз