///

Масс медиа туралы заң: Шетел журналистеріне Қазақстанда жұмыс істеуіне тыйым салына ма?

2307 рет қаралды
фото: Азаттық

25 Қаңтарда “Масс медиа туралы” заң жобасының ҚР Мәжілісіндегі жұмыс тобының отырысында төменгі палатаның депутаты Никита Шаталов тағы екі жаңа ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныстардың бірі, егер “ұлттық қауіпсіздікке” қауіп төндірер болса, Үкімет шетелдік басылымдардың қызметкерлерінің жұмысын сотсыз тоқтатуға мүмкіндік беру. Шетелдік медиа өкілдерінің Қазақстандағы жұмыс істеуі үшін олар аккредитациядан өтуі тиіс. Бұл аккредитацияны Сыртқы Істер министрлігі береді.

Бүгіннің өзінде СІМ “Азаттық радиосының” 36 журналисіне екі жылдан бері аккредитация бермей келеді. Олар бұл шешімдерін неге сүйеніп бермей отырғанын негіздей алмай отыр. 

Бұл туралы 26 қаңтарда шұғыл брифинг өткізген азаматтық қоғам өкілдері мәлімдеп отыр. Бұл адамдар “Масс медиа туралы” заң жобасының жұмыс тобында өте белсенді қатысып келеді, әрі заң жобасына 27 ұсыныс енгізген болатын. Дегенмен, журналистік қауымдастық өкілдері өз үндерінің естілмей отырғандығын, жұмыс тобына қатысуының әшейін хаттама үшін жасалып отырғанын айтады.

“Азаттық радиосының” бұл мәселеге қатысты жауап берген депутат Никита Шаталов “Масс медиа туралы” заң жобасы нақты бір ақпарат құралына бағытталмағанын айтады. Ол парламентариилер аккредитациясыз жұмыс істейтін журналистерге не әкімшілік, не қылмыстық жауапкершілік жүктеп отырмағанын айтады.

“Мұнда әңгіме әуелі конституциялық құрылымын бұзуға шақыру, қазақстан заңнамасын бұзуға шақыруға қатысты болып отыр. Яғни, Қазақстан мемлекеттігіне немесе қоғамына зиян келтіруі мүмкін жағдайда аккредитация беруден бас тартуға болады. Қазақстан ақпараттық соғыстар мен манипуляцияның құрбанына айналмауы тиіс. Меніңше, бұл норманы төтенше жағдайлар кезінде енгізген дұрыс” — деді Шаталов.

Бұл ұсынысқа қарсы болған «Правовой медиа-центр» ұйымының заңгері Гүлмира Біржанованың пікірінше аккредитация процесін керісінше оңайлату қажет еді.

«Олар  ұлттық қауіпсіздіктің не екенін сотсыз-ақ айқындап алуына болар еді ғой. Ұлттық қауіпсіздікке қатер дегеніміз не, қандай жағдайдаа бұл норма түсіндіріледі, ол жағы айқын емес. Біздіңше, бұл өте кең толғау, оны дұрыс түсіндірмеу немесе басқаша түсіндіру кейбір “ұнамсыз” ақпарат құралдары үшін ғана қолданылуы мүмкін”, — деді ол.

Қазақстанда “Масс медиа туралы” заң жобасы талқыланып жатқаны мәлім. Бұл заң жобасының жұмыс тобында жүзден астам адам болса да, жиырмаға жуық сарапшы ғана тұрақты қатысып келеді. Медиақауымдастық өкілдерінің сарапшылары депутаттарға журналистердің қауіпсіздігі, ақылы немесе мемлекеттік тапсырыс арқылы жасалған контентке белгі қою туралы біраз ұсыныстар енгізгенін айтады. Алайда бұл ұсыныстар қолдау таппаған. 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар