//

Шымкентте газ құбырындағы ақаудан 1500 үй отынсыз қалып, жөндеу жұмысы таңертең аяқталды

469 рет қаралды
фото: ktga.kz

Шымкентте 3 ақпан күні кешке анықталған газдың шығыны (утечка) тоқтатылды, деп хабарлайды “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ресми сайты. Отынсыз қалған барлық үйлер мен кәсіпорындар толық қосылды.

“Ақауды жоюға бағытталған жедел авариялық-қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Тұтынушыларды қосу жұмыстары 4 ақпан күні таңертең толық көлемде аяқталды”,-деді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 3 ақпан күні кешке Мәртөбе кентінде газ құбырында апат болып табиғи газдың шығынынан (утечка) 1500 үй мен жеті кәсіпорын отынсыз қалған болатын.

Апатты жою үшін 30 адам мен арнайы техника жұмылдырылып, қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілген. 

“ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ сөзінше құбырдағы апатқа себеп — жақында 23 қаңтарға қараған түні болған жер сілкінісі. Осыған ұқсас ақау Қайнар ауылының маңындағы жерасты газ құбырында тіркелді.

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар