//

Алматыда көшкін жүріп, төрт адам мерт болды

702 рет қаралды

Таусамал ықшамауданында көшкін жүріп, жеке меншік үйді үйіндіге айналдырды. Төрт тұрғын мерт болды. Жанындағы үйлерге де зақым келген.

8 ақпан түнгі уақытта Медеу ауданы Таусамалы ықшам ауданында көшкін жүріп, тұрғын үйлерді басып қалған. Кейбіріне зақым келген. Іздестіру жұмыстарына 200-ге жуық адам, 30 техника құралы жұмылдырылды. Үйлер бір-біріне жақын орналасқандықтан техниканы пайдалануға қиындық туғызып жатыр. Бұл туралы  төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Биліктегілердің хабарлауынша, жақын аумақтағы үйлерде тұратын адамдар №47 мектепке орналастырылған. Оларға жатын орын, ыстық шай және өзге керек заттар берілді. Бірнеше сағаттан кейін тұрғындар өз қалауы бойынша туыстары мен таныстарына кеткен.

Көшкін салдарынан қирандыға айналған жерлерде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі арматура, әйнек сынықтары араласқан лай топырақтың көптігі, үйге баратын жолдың тарлығы қолда бар техниканы толымды пайдалануға мүмкіндік бермей, шаруаны қиындатып, жұмыс негізінен қол күшімен жасалып жатқанын айтады.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар