Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Сен бүгін арнасысың дара күйдің,
Сан пейілдің төріңнен күлімдейсің.
Сен менің ұлы бабам Фарабидің
Кешігіп келе жатқан үніндейсің.
Сен ең көне жырысың санамыздың,
Рухи шаттығымсың тасып толған.
Сені тойлап бабасы бабамыздың,
Әжемнің әжесіне ғашық болған.
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
Көктем келбеті
Ызғарлы күн ауысып,
Көгінде қарын тауысып.
Көктем лебі еселі,
Таңғы нұрмен қауышып.
Ғасырды көктеп өтіп сұңқар сезім,
Немерем тік көтеріп уақыт туын.
Ғашығына арнаған іңкәр сөзін,
Өзіңнің тойыңда айтса – бақыттымын
Басыңды көтер, қане, күн қақтаған,
Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.
Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған
Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың.
Ұлыстың қадам басып ұлы күні,
Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.
Көңіл де наурызбенен шешек атсын,
Жүректің сарқылмасын жылылығы.
Қанша ғасыр сән берген даламызға,
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.
Сәлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға
Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.
Табиғат көркін келтіріп,
Жан-жануар серпіліп.
Күттірген көктем келдің бе,
Жайқалған гүлмен желпініп.
Таң шығынан сілкіндірген гүл-өңір,
Дір еткендей сезінемін денем бір.
Таңғы әуен – тершілікке құштарлық,
Құштарлық боп жамырайды өлең-жыр
Таңғы әуен
Тамылжыған таңның әсем әуенін,
Сергек сезім, лағыл-ляззат дер едім.
Жамыраған ай жүзіктей сәуледен,
Шапағаттың шар айнасын көремін.
“Мінбер-ақпарат”
Суреттер жеке мұрағаттан алынды.
Парақшамызға жазылыңыз
жақсы екен, өнерлерің үстем болсын, мінбер!
Өзіңе барып кайтсам ба
Теңіз асып, тау асып,
Өзге елде журмін мен.
Өзіңе деген сағыныш,
Өзегімді куйдірген.
Қар жауып тур Мәскеуде,
Өзіңде Наурыз, көктем бе?
Маған таныс жотаңда,
Бәйшешек гулің төккен бе?
Наурыз көже ішуге,
Өзіңе барып, қайтсам ба?
Сағынышты жанышқан,
Тербетіп бір айтсам ба!
Жапалақтап аппақ қар,
Мәскеуді тұр тумшалап.
Өзіңе деген махаббат,
Кеудені жатыр шымшылап!
Жарқын ӨтешӨва.
Мәскеу.Наурыз.2011жыл.