/////

WhatsApp ақпарат таратуға арналған  жаңа платформа ма?

2056 рет қаралды
фото: Ravi_Sharma1030

Барған сайын ақпарат агенттіктері мен редакциялар WhatsApp қосымшасында жеке арналарын ашып, жаңа трендке ілесіп жатыр. Еске сала кетейік 2023 жылы 13 қыркүйек Whatsapp қосымшасына жаңартулар енгізіліп, жеке арналарды оқу және ашу функциясы қосылған болатын.

Meta-ға тиесілі WhatsApp жаңа жаңартуын арна әкімшілері өз оқырмандарына мәтіндік хабарламалар, фотосуреттер, бейнелер және сауалнамалар жібере алатын бір жақты хабар тарату құралы ретінде сипаттады. Whatsapp Facebook пен Instagram қосымшаларының жанында қолданысы кең тарамаған Мета компаниясы желілерінің бірі болды. Алайда, бірнеше ай бұрын компания хабар алмасуға қатысты тактикасын өзгертті. Метаның мақсаты WhatsApp-ты тек байланыс тұрғысынан ғана емес, жаңалықтар тұрғысынан да алдыңғы қатарға шығару болды. 

Жаңа опция іске қосылғаннан кейін, көп ұзамай бірнеше хабар арналары мен баспагерлер мүмкіндікті пайдаланып, өздерінің WhatsApp жаңалықтар арнасын іске қосты. Қазақ тіліндегі жаңалық арналарынан қазір тек Azattyq қана. Мысалы, The New York Times, The Wall Street Journal, Newsweek сынды ағылшын баспаларының арналарында миллиондаған оқырмандары бар.



Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар