//

Мемлекеттен 500 миллион теңге алған Е. Тұрсыновтың фильмі әлі көрерменге жетпеген

3344 рет қаралды
фото ашық дереккөзден алынған

20 ақпан Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі министрліктің «Кинематография туралы» заңмен реттелетін отандық киноиндустрияны қолдау үшін соңғы 5 жылда жүргізген нақты шараларын жариялады, деп хабарлайды Minber.kz сайты. 

Талдау нәтижелері киногерлердің тапсырылған жұмысты салғырт атқаруын анықтаған. 

Баспасөз мәліметінше, мемлекеттік қаржылай қолдау беру үшін ашық конкурстар ұйымдастырып, оларды іріктеумен «Ұлттық киноны қолдау орталығы» айналысады. 

Кино орталығы жұмыс істеген 5 жыл ішінде 103 жобаға қаржы бөлінген, жалпы  құны 19 млрд теңге тұратын түрлі жанрда 98 фильм түсірілді. Оның ішінде 42 көркем, 23 деректі, 25 қысқаметражды, 8 анимациялық фильм бар. Кинотеатрларға, телевизиялық және онлайн прокатқа тек 23 картина шыққан (көркем фильм – 20, деректі фильм – 3). 2023 жылға дейін түсірілген 27 фильм биыл көрсетілмек.

Сонымен қатар прокатты ұйымдастыру үшін, Министрліктен прокат куәлігін алу ғана жеткілікті екенін ескеру қажет. Бірақ осыған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, режиссерлердің көбі фестивальдар мен конкурстарға арнап фильмдер түсіреді немесе авторлық кино дайындайды. 

Осылайша өздерінің жеке шығармашылық амбицияларына басымдық беріп, көпшілік аудитория сұранысын ұмытып кетіп жатады, дейді баспасөз қызметі.

Кассалық жинақ көлемі небәрі 1,5 млрд теңгеге жеткен, бұл ұлттық фильмдер прокатының төмендігін айқын көрсетеді. 

Жоба барысында-ақ өз қаламақысын алып қойған, өндірушілер мен авторлардың прокатқа шығаруға деген ниетінің жоқтығынан қазақстандық көрермен әлі күнге дейін кей картиналарды көрмей келеді. 

Мәселен, «Тұрсыновфильм» ЖШС жетекшісі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов 2019 жылдан 2021 жылға дейін «Бесмойнақ»  толықметражды көркем фильмін шығаруға 500 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қаржы алды. Бірақ көрермен фильмді осы уақытқа дейін көрген жоқ.

«Бату. Тарихи детектив» атты кинорежиссер Рашид Нұғмановтың киносына 192 млн. теңге бөлінген. Жоба 2021 жылы аяқталған,бірақ қалың көрермен бұл фильммен де таныс емес.

Кинорежиссер Дамир Манабайдың «Тырналар» жобасы 422 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды.

Үлкен қаражат бөлініп, кассалық жиыны жарты ақшасын да өтемеген туындылар жетерлік.

Министрлік баспасөз қызметінің сөзінше, жеке кинокомпаниялар өздерінің кинокартиналарын одан әрі прокатқа шығару мен тарату мәселесіне бей-жай қарайды, бірақ басқа жобалар арқылы кино орталығының ашық конкурстарына қатысуды жалғастыруда және мемлекеттік қолдауға ие болып жатыр. Байқаудан өтпеген жағдайда олар наразылық көрсетіп, жобаларды таңдаудағы объективтілік пен ашықтыққа күмән келтіреді, кинематографистерді митингке шығарамын деп қорқыту арқылы  конкурс нәтижесін өз жағына бұрғысы келеді.

Мультипликация және анимация саласында да осындай салғырттық байқалады. 2019 жылдан бері жасалған анимациялық фильмдердің ешқайсысы қазақстандық көрерменге әлі күнге ұсынылған жоқ. 

Мәселен, «ADAY Production» ЖШС-ның «Кенже қыз» туындысына 232,8 млн теңге бөлінген, «Ырысы Ақ Қазақстан» ЖШС таспалаған «Караван историй» мультфильміне 213,9 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілсе, «Dala Animation» ЖШС-ның «Бесік жырына» 32,4 млн теңге берілген.

Министрліктің негізгі міндеті – фильмдер шығару кезінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Ведомство шығармашылық еркіндікті құрметтейді, бірақ заң мен тәртіп бәріне ортақ және сөзсіз сақталуы керек.

фото ашық дереккөзден алынған

Сондай-ақ, Министрлік қазір жағдайы ақсап тұрған «Қазақфильм»  мемлекеттік киностудиясына барлық қажетті көмек көрсетілу қажет деп санайтынын атап өтті.

Кино қауымдастықпен бірлесіп ұсынылатын кинематография саласындағы, оның ішінде «Қазақфильмге» қатысты заңнамалық түзетулер елдегі киноиндустрияның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Киностудияға кино орталығының конкурсына қатыспай-ақ, қаржылық қолдау көрсету ұлттық киноны қолдау үшін қажетті қадам болар еді. Бұл студияға мемлекеттік тапсырмаларды іске асыруға, сапалы фильмдер шығаруға және Қазақстан мәдениеті мен тарихын ілгерілетуге мүмкіндік береді.

«Қазақфильмнің» тұрақты жұмыс істеуі ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапалы фильмдер шығаруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда 2024 жыл басынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігі 33 тапсырыс алушылармен өзара келісімшартқа отырған.

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар