//

Уақыт тоқтаған күн

903 рет қаралды

 

Жалпы адамзат баласын таңмен таласа ұйқысы қанып оянып, тұрып, тамағын тауып жесін, күн ұясына батып, ақшам сөнісімен жатып, тынығып, демін алсын деп күн мен түнді  жаратқан ғой бір Тәңір жаратушы құдырет.

Ал күндіз мен түнгі мезетті өз пайдасы үшін қалай реттеп игілігіне икемді қолданады ол адамзаттың өз құзырында.

Бізге дейінгі жанкешті астроном-ғұламалар жер шары батыстан шығысқа қарай өзін өзі 24 сағатта 360 градуспен толық бір рет айналып шығатынын анықтап, жер бетін шартты түрде ендіктер мен бойлықтарға бөліп, уақытты жүйелі үйлестіру үшін сағаттық бойлықтарды нақтылап, тұрақтандырып, жалпы адамзаттық бірыңғай қолданысқа енгізді.

Жер шары 24 сағаттық белдеуден тұрады. Әр сағаттық белдеу 15°. Ал оның 00-00 нүктесін жер шарының кез келген жерінен бастауға болса да Жапонияның арғы жағы, Әмериканың бергі жағынан, Тынық мұхиттың дәл үстінен Гринвич меридианы ортасынан өтетін сағаттық белдеуді нөлдік белдеу деп қабылдаған.

Әр сағаттық белдеудің халықаралық  жиырма төрт атауы бар. Біздің Қазақстан аумағы осы сағаттық белдеуің үшеуін қамтиды екен. Олар 3,4,5,6 сағаттық белдеулер. Ал ертеңгі күннен, наурыз айының бірінен еліміздің барлық өңірі бірыңғай бесінші сағаттық белдеуге өтеді. Қазақстанның барлық жерінде бірдей сағаттық уақыт пайдаланатын болады. Еліміздің шығысында да, батысында да сағат уақыты бірдей болады деген сөз. Мысалы, Алтайда, Шығыс Қазақстан, Өскеменде таңғы 5  сағат болып таң атып  жатса, сағат тілі Батыс Қазақстанда, Атырау, Ақтауда да бес сағатты көрсетеді. Бірақ таң әлі атқан жоқ. Сондықтан жаңа сағаттық жүйе енгенде біраз қолайсыз жағдай болады.

Бұрынғы сағаттық алтыншы белдеуде орналасқан өлкеліктер үшін таң атқанмен уақыт бір сағатқа тоқтайды. Бұ не болып кетті, күн арқан бойы көтерілді, тал түс, біз әлі жатырмыз, сағат тоқтап қалған ба деп дүрбелең болып, дүрлігіп, беймазалық күй кешулеріңіз әбден мүмкін.

Ұйқышылдар ұйқысының қанғанына рахаттанса, құс ұйқылы, таң ата тұратындардың тынышы кетіп әрі-сәрі күй кешері даусыз. Тұрып ұйықтайтын тұлпарлар тыныш жата берсе болады.

Тамыздың тамылжыған тамаша таңы енді таңғы төртте атпайды… Нәтижесінде күннің жарығын аз пайдаланатын боламыз.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар