//

Су тасқыны: Абай облысында екі адам суға кетті

1588 рет қаралды
Сурет Sputnik Kazakhstan басылымынан алынды

Биыл су тасқынынан елде 1000 жуық үй суға кетіп, 13 мыңға тарта адам шұғыл эвакуацияланды. Суға кеткен аймақтарда қазір не болып жатқаны мен жергілікті атқарушы органдардың “кешіккен реакциясы” туралы “Мінбер” тілшісінің материалына назар аударыңыз.

ҮКІМЕТ ӨКІЛДЕРІ ҚАТАҢ СӨГІСПЕН ҚҰТЫЛДЫ

30 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай бойынша кеңес өткізіп, шенділерді бір сілкіп алды. Су тасқынынан қорғану бойынша шараларды дер кезінде қолға алмағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке, Павлодар облысының әкімі Асайн Байхановқа Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа қатаң сөгіс жарияланды.

Сонымен қатар, оларға зардап шеккендерге қажетті көмекті көрсету бойынша тапсырмалар берді. Тоқаевтың айтуынша, барлық шығынды мемлекет пен жергілікті әкімдіктер өтейтін болады.

АҚТӨБЕДЕ НЕ БОП ЖАТЫР?

Қазір облыстағы бес аудан мен Ақтөбе қаласының өзі төтенше жағдай режимінде. Елек және Қарғалы өзендерінің маңында тұратын 906 отбасын, 29 наурызға қараған түні Елек өзенінің жағалауында тұратын тағы 1193 адам (оның 468-і балалар) эвакуацияланды. Олар Ақтөбедегі 35 мектептің оқу ғимаратына орналастырылған. Су басқан ауылдардың тұрғындары жергілікті биліктің тасқынға алдын ала дайын болмағанын, көктемдегі күрт жылынудан жылдам еріп кеткен қардың уақытылы шығарылмағанын айтып, наразылық білдіріп жатыр. Жергілікті атқару билік өкілдері, тұрғындарға барынша көмек көрсетеміз дейді.

Сурет: Диапазон басылымынан алынды

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ АХУАЛ

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Көкшетауда құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар су тасқынының салдарымен күресу бойынша негізгі жұмыстарды аяқтаған. Аршалы, Целиноград аудандарындағы жағдай толық бақылауда дейді төтеншеліктер. Топан суды сорып алу жұмыстарына 300-ге жуық адам мен 98 техника жұмылдырылған.

Астана қаласы мен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен Қарағандының 52859 әскери бөлімі де шұғыл жұмысқа кіріскен. Соңғы дерек бойынша, Қосшы, Степногорск, Целиноград, Аршалы, Астрахань, Шортанды, Ерейментау, Жарқайың ауданына қарасты ауылдарда суды сору жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сурет Sputnik Kazakhstan басылымынан алынды

 БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ

31 наурызға қараған түні БҚО-дағы Подстепное ауылы екінші рет суға кетуге шақ қалды. Қазір өңірдегі өзендердің көтерілуіне байланысты Шаған жайылмасындағы елді мекендердің тұрғындарына қауіп төніп тұр. Жалпы алғанда биыл мұнда Бөрлі, Сырым, Теректі, Қаратөбе, Қазталов және Бәйтерек аудандары суға кетті.

Сурет Уральская неделя басылымынан алынды

31 наурыздағы дерек бойынша топан судан 3744 адам (оның 1455-і бала) эвакуацияланған. 11 елді мекенде көлік қатынасы тоқтап тұр.

 ҚОСТАНАЙДЫҢ 14 АУДАНЫНДА ӘЛІ СУ ТАСУ ҚАУПІ БАР

Жергілік төтенше жағдайлар департаменінің хабаралуынша, Қарасу, Әулиекөл, Науырзым, Қамысты, Сарыкөл, Алтынсарин, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарын да әлі су басу қаупі сақталады.

Ресей Федерациясының өзендерінен келетін ағын қатты болса Жітіқара, Денисов, Қарабалық, Федоров пен Бейімбет Майлин ауданы да суға кетуі мүмкін. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығынын әкімдік өтейтіні белгілі болды.

1 сәуір күнгі деректер бойынша су басқан Арқалық, Жангелді және Амангелді ауданына қарасты ауылдардан 1012 адам, оның ішінде 300 бала эвакуацияланған.

Елде су тасқыны 26-27 наурызда басталған еді. Бір күннің ішінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарының ауылдары суға кетті. Ресми мәлімет бойынша, 12 облыста әлі су басу қаупі бар. 54 жол мен көпірді су басқан. Су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың соңғы мәліметі бойынша, 31 наурызда су басқан елді мекендерден жалпы саны 13 мыңнан астам адам құтқарылған.

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ АДАМ СУҒА КЕТТІ 

Абай облысы Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында  Бөрілі өзенінің тасуы салдарынан екі адам суға кеткен. “Азаттық” радиосының мәліметінше, ол екі адам күні бойы құтқарушыларды күтіп, тракторының үстінде отырған. Алайда құтқаруға ешкім келмеген. Қарағаш ауылының тұрғыны Тұрсынғали Қажыгереев 112-ге хабарласқанын, алайда ешқандай көмек болмағанын мәлімдеген. Қарағаш ауылының әкімі Мадияр Байжұманоы екі адамды құтқару үшін құтқару техникасын сұраған екен, оған да ешкім қайырылмаған.

Данагүл Науқанова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар