Қазақстанда әлеуметтік желілердің дамуының жалпы сипаттамасы
Бүгінгі күні қазақстандық интернет-пайдаланушылардың арасында «ВКонтакте» және «Мой мир» ресурстары кең түрде пайдаланылады.
Себептері:
1. қазақстандық ақпараттық кеңістіктің әлі де ресейлік ресурстарға бағытталуы. Сондықтан, Қазнеттің әлі де болса ресей интернет-кеңістігінің бөлігі болып отырғанын мойындауға тура келеді;
2. бұл ресурстардың ойын-сауық қосымшалары интернет-пайдаланушылар үшін неғұрлым тартымды (қазнет желілеріне қарағанда) болып табылады.
Әлеуметтік желілерде тіркелген интернет-пайдаланушылар
«Мой мир» желісінде 3 миллионнан астам қазақстандық пайдаланушылардың аккаунттары тіркелген, бұл елдің интернет-пайдаланушыларының шамамен 70%-ын құрайды.
«ВКонтакте» ресурсында – 1,5 миллион шамасында, яғни интернетке қолы жетімді қазақстандықтардың 35%-ы мөлшерінде.
«Facebook» желісінде 270 мың қазақстандық тіркелген (қазақстандық интернет-пайдаланушылардың жалпы санының 6,3%-ы).
Қазақстан мен Орталық Азия елдерін салыстырсақ
(ел тұрғындарының жалпы санымен салыстарғанда)
«Facebook» желісінде тіркелгендер:
ҚАЗАҚСТАН 1,62%
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ елдері бойынша 1,42%*
«ВКонтакте» желісінде тіркелгендер
ҚАЗАҚСТАН 8,86%*
ҚЫРҒЫЗСТАН – 2,1%
ТӘЖІКСТАН – 0,96%
ТҮРКІМЕНСТАН – 0,98%
ӨЗБЕКСТАН – 0,88%
БАРЛЫҒЫ – 4,92%*
Қазақ тілді ресурстардың дамуы
Қазақстанның әлеуметтік желілерді пайдаланушыларының басым көпшілігі, яғни 80%-дан жоғары тұтынушы орыс тілінде қарым-қатынас жасайды.
Қазнет каталогы 6 997 сайттан құралған, олардың ішінде 617-і – мемлекеттік тілде немесе сайттардың жалпы көлемінің 8,8%-ы
(ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы қыркүйек айының соңындағы ресми деректер)
Қазақстан Республикасындағы баспасөз БАҚ-тарының жалпы саны 2 427-ні құрады, олардың 437-і қазақ тілінде немесе елдегі БАҚ-тардың жалпы санының 18%-ы.
(2010 жылғы 25 маусымдағы ресми деректер бойынша)
Қазақ блогосферасының сипаттамасы
Біріншіден, қазір қазақстандық блог саласы дамудың бастапқы кезеңінде тұр. Зерттеуге алынған блогтардың жартысынан көп бөлігінің соңғы жылда ашылғаны да осының айғағы.
Екіншіден, блогтарда жеке сипаттағы мәселелер, сонымен бірге жалпы ақпараттық жобадағы басылымдар, оның ішінде елдерге жасаған саяхаты туралы, күнделікті өмірде қажетті пайдалы кеңестер басым. Осы сипаттағы блогтар ең белсенді болып табылады – жиі жаңартылады, адамдар көп қарайды және түсініктер береді.
Үшіншіден, блог авторлары көтеретін қоғамдық-саяси сала мәселелері, оқырмандарда әдетте онша қолдау таппайды. Кейде тіпті оқырмандардың пікірлері де болмайды. Осыдан қазақ тіліндегі блогтардың қоғамдық-саяси пікір алмасу алаңы болмағандығын түйіндеуге болады. Мысалы көрші Ресейдегі секілді (А. Навальныйдің блогы).
Төртіншіден, қазақ блогы саласы сонымен қатар, қазақ журналистикасы секілді руханилық, мәдениет мәселелеріне бағдарланған. Авторлар мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне, сонымен қатар дін тақырыбын көп көтереді.
Бесіншіден, ең белсенді блоггерлер – журналистер, оның ішінде журналистика факультетінде оқитын студенттер басымырақ келеді.
Қазақ блогы саласында, қазақ және орыс тілді баспасөзде талқыланатын ең танымал тақырыптардың салыстырмалы талдауы:
- Әлем елдеріне саяхат (алған жеке әсерлері, суреттер) – 234;
- Жеке фотосуреттерді талқылау, өздері туралы түсінік – 115;
- Дін (хиджаб және пәренже, Құраннан үзінді және т.б.) – 49;
- Қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің дамуы (жазушылар мен ақындардың өмірі туралы ақпараттардың басылымы) – 28;
- Киноиндустрия, шоу бизнес жаңалықтары – 24;
- Өңірдің өмірі, өңірлік қозғалыстар (жастар, дебаттық) – 23;
- Қазақ блоггерлерінің құрылтайы – 19;
- Мемлекеттік мейрамдар туралы (тарихы, құттықтаулар) – 12;
Қазақ тіліндегі басылымдардың басты тақырыптары:
- Азиада – 269;
- Президенттің Жолдауы – 97;
- ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы – 34;
- Мемлекеттік тіл – 23;
- Білім беру саласы – 21;
- Денсаулық сақтау – 20;
- Жұмыспен қамту – 19;
- Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – 17;
- Индустриалдық-инновациялық даму – 13;
- Ауыз су мәселесі – 13;
- Экологиялық мәселелер – 12
Орыс тіліндегі басылымдардың басты тақырыптары:
- Азиада – 408;
- Президенттің Жолдауы – 317;
- Отандық медицинаның сапасы – 130;
- Жұмыспен қамту бағдарламасы – 100;
- Білім беру сапасы – 97;
- ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы – 71;
- Партияның қызметі – 62;
- Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы – 52;
- Әлеуметтік қорғау – 51;
- Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы – 45.
Қазақ блогының кейбір ерекшеліктері
Баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда (басылым тіліне қарамастан), қазақ блогы саласы өзекті қоғамдық-саяси оқиғаларды, елдің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жаңалықтарды талқылауға бағытталмаған.
Бұл түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін – аудиторияның бағдары, блоггерлердің пікірінің тәуелсіздігі мен олардың тақырыпты таңдаудағы еркіндігі.
Блог материалдары баспасөз БАҚ-тарын контент-талдауға қарағанда, қандай да бір дәрежеде қолданбалы әлеуметтанулық маңызға ие. Болашақта блогтар қоғамдық көңіл-күйді әлеуметтік өлшеу немесе маркетинктік зерттеулер үшін қажетті құрал болуы мүмкін.
Қазақ блогы саласы және қазақ тіліндегі БАҚ үшін ортақ тақырыптың бары байқалады – ол қазақ тілінің жағдай мен дамуы мәселелері. Қазақ блогы саласы мен орыс тіліндегі баспасөз арасы мүлдем түйіспейді.
Блогтар – азаматтық қоғамның бір ошағы деп қарастыруға болады. Қазақ блогы саласы болашақта – бұл адамдардың тәуелсіз қауымдастығы, және маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру алаңы бола алады.
Ерлан Қарин, саясаттанушы
BlogCamp: Блог құрылтай – 2011 шарасында әзірлеген баяндамасынан
Парақшамызға жазылыңыз
Jaksy saraptama. Alaida, avtoryn umyt kaldyrmasanyzdar eken.
Мақаланың кіріспесін оқысаңыз, авторы көрсетілген.
Қазақ блогшыларын дамыту үшін әлі де көп тер төгу қажет. Қазақ блогшыларының құрылтай өтті алғашқы. Қуаныштымын. Қазақстанның қай өңірлерінен қатысты екен блогшылар? Оның өткені туралы тек ғаламтор бетінде ғана айтылған сыңайлы. Жергілікті БАҚ арқылы неге жұмыс ұйымдастырылмаған? Жергілікті өңірлерде таныс тілшілер арқылы жұмыс жасау керек еді деп ойлаймын. Сонда ол ақпараттың қамтылу аумағы кеңейер еді. Ұйымдастырушылар тарапынан олқылық кетті деп айта алмаймын. Мысалы, біздің өңір нағыз қазақылықтың қаймағы бұзылмаған жер. Қызылорда өңірінде қазақ блогшыларын дамытсақ деп ойлаймын. Құрылтайға қатысайын деп тіркелгенмін. Тізімде бармын. Бірақ, шақыру келген жоқ. Білмедім….мүмкін, жол қаражаты туралы жазып едім, содан болды ау деймін….қап….көрсетпеуім керек пе еді….жарайды пікір білдіргеніме ренжімеңіздер. Аманшылықта жүздескенше.
Blogcamp деген бейресми шара болғандықтан оған ешкім шақырылмайды. Бұл құрылтай ережесінде де анық жазылған. Егер құрылтайға қатысамын деп тіркелген болсаңыз, онда келу жағын да, құрылтай өтеді деп жұртқа хабарлау жағына да өзіңіз ат салысу керек едіңіз. Бізде әлі күнге дейін бізге біреу бірнәрсе істеп беруі керек деген түсінік бар. Үйлестірушілер өз тарапынан баяндамасы аса қызықты деп тапқан жандарға демеуші табуға атсалысуы мүмкін.
BlogCamp: Блог құрылтай – 2011 шарасының ұйымдастырушылары – қатысушылардың өздері. Әрбір қатысушы өзінің үлесін қосуы керек. Өзіне де өзгеге де демеуші табуға талпынуы керек. Алдағы құрылтайларда да белсенді боларсыз деген үміттеміз. Пікіріңізге көп рахмет, Қайрат!
Base, kirispesinde jok sekildi ed avtory:)))
[…] Ерлан Қарин Қазнеттің жай күйімен таныстырды. Қанша дегенмен әккі саясаткер ғой. Презентациясы […]
Блогтар – азаматтық қоғамның бір ошағы деп қарастыруға болады. Қазақ блогы саласы болашақта – бұл адамдардың тәуелсіз қауымдастығы, және маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру алаңы бола алады.
—————————————————–
Осындай құрылтай арқылыда жастарды ынталандырып бағат бағдар беріп отырса нұр үстіне нұр болар еді…Біз өзімізден көп бақталастарды шаң қаптыру жолдары осы құрылтай және ең маңыздысы жеке блогшылар.
өте мөте дұрыс мәселе қозғалған! йә жеке блогшылар арқылыда көп ерен ұлтық руқ мәселедін оп оңай шешіуге болады.Бұл болашағымызғы керемет серпін берер іс қыимыл деп бағаладым
Алдымен, блогші кімді айтамыз..соны анықтап алу керек-ау?