2024 жылдың 3 сәуірінде Тайваньда соңғы 25 жыл ішіндегі ең жойқын жер сілкінісі болды. Рихтер шкаласы бойынша 7,2 баллға жеткен (кейбір бағалаулар бойынша 7,4 балл) бұл жер сілкінісі, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:58-де Хуалян маңындағы шығыс жағалаудан бастау алған. Жер сілкінісінің салдары мекендегі барлық аралдарға ерекше зардабын тигізген.
Рихтер шкаласы
Магнитудалық шкаланы 1935 жылы американдық сейсмолог Чарльз Рихтер ұсынған. Сондықтан шаманың мәнін кейде Рихтер шкаласы деп атайды (1-ден 9,5-ке дейін). Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы: 1-2 болатын жер сілкінісі аспаптар арқылы жазуға болатын ең әлсіз жер сілкінісі болып табылады.
Қирау: зардаптар
Хуалянның оңтүстік, оңтүстік-батысында орналасқан эпицентр өз күшін іргелес жатқан аудандарға түсірді. Ғимараттар қирап, жолдар жарылып, электр қуатының үзілуі бүкіл аймақтарды қараңғылықта қалдырды. Хуалянды қоршап тұрған таулы аймақтар опырылып, көшкіндер ауылдарға құлады. Бұл құтқару жұмыстарының жүргізілуін қиындатты.
Төмендегі суреттерден көшкіндердің қалай болғандығын байқауға болады. Бұл суреттер жергілікті тұрғындардың апат кезінде түсіріп алған видео материалдарынан алынған. Видеолар Tiktok, Instagram, YouTube сынды әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
Жер асты толқындары тек ауыл аймақтарда емес, сонымен қатар Тайваньның астанасы Тайбэй қаласында да сезілген. Ғимараттар құлап тұрғындардың өліміне әкелген. Ал инфрақұрылымның зақымдануы байланыс желі жұмыстарын бұзып, апаттың толық зардабын анықтауға кедергі келтірген. Алғашқы ақпарат құралы Reuters хабарлауынша, қаза тапқан адамдар саны 9 ал 50-ге жуық адам жоғалып кеткен.
Жер сілкінісі
Жер бетінің сілкінсі мен тербелісі, тектоникалық плиталардың жылжуынан пайда болады.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты сейсмикалық құбылыстар деп аталады.
1990-2023 жылдар аралығында әлем бойынша ең көп жер сілкінісі болған мемлекеттер тізімі төмендегідей:
Соңғы 25 жыл: күтпеген жойқын жер сілкінісі
Жоғарыда айтылғандай, бұл Тайваньдағы соңғы 25 жыл ішінде болған ең алапат жер сілкіністерінің бірі. Бұндай ауқымды жер сілкінісі соңғы рет 1999 жылы 21 қыркүйек күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 01:47-де орын алған. Бұл зілзалаға Чи-Чи жер сілкінісі деген ресми атау берілген. Апаттың салдарынан 2415 адам қаза тауып, 11 305 адам жарақат алған.
Осы себепті 3 сәуір күні болған жер сілкінісі бүкіл әлем назарын өзіне қаратып, Тайваньдықтардың жағдайы үшін алаңдау сезімін тудырды. Жер сілкінісінің болғанына бар болғаны 3 күн өтсе де ол туралы барлық ақпарат Wikipedia сайтының басты бетіне шығып, толығымен зерттелген. Бұл дегеніміз жер сілкінісінің ықпалы зор екендігін білдіреді.
Medium ақпараттық порталының хабарлауынша, Тайваньға халықаралық қауымдастық үлкен қолдау білдірген. Жапония мен Оңтүстік Корея сияқты көрші елдер іздеу-құтқару топтарын, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен басқа да гуманитарлық көмек жіберген. Осы қиын уақытта Тайваньмен ынтымақтастық бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды.
Әлеуметтік желі: халық пікірі
Әлеуметтік желілерде жер сілкінісі басталған уақытта түсірілген видео материалдар кенінен тарап кетті. Соның ішіндегі көпшілікті таңғалдырған видео материал төмендегі болды:
Көріп тұрғанымыздай, бұл видео да күнделікті жаңалықтар легін баяндап тұрған журналисттің, жер сілкінісін сезгендегі алғашқы реакциясы көрсетілген. Ол студия шайқалып жатса да, орнынан тапжылмай, көрерменге жер сілкінісі жайлы ақпаратты айтуды тоқтатпайды. Осы видеоға байланысты желі қолданушыларының пікірі:
«Бұл әйелді батылдығы үшін мойындау керек!»
«Журналисттің өзін-өзі қолда ұстауы мені таңғалдырды. Нағыз маман!»
«Ол дүрбелеңге салынбай, өз орнында тұрды. Бұл қаншалықты дұрыс екенін білмеймін, бірақ мен оны құрметтеймін. Оның жалақысын көтеріңіздер.»
«Ол жай ғана жаңалық таратып тұрған жоқ. Ол ауа-райы жайлы айтып, жер сілкінісі туралы есеп беріп, адамдарды сабыр сақтауға шақыруда.»
Келесі талқыға түскен видеолардың бірі ол пойыздағы жер cілкінісі
Желі қолданушыларының пікірі:
«Өз-өздерін қолда ұстауы жоғарғы деңгейде.»
«Олар сондай өркениетті, ешқандай дүрбелеңге салынбайды.»
«Жігіттің сабырлығы мықты екен.»
Қателіктерді қайталамау: болашаққа дайындық
Бұл жер сілкінісі Тайвань еліне табиғи апттарға әрқашан дайын болу керектігін түсіндірді. Төтенше жағдайда сақталуы тиіс нұсқаулықтарды нығайту керектігі байқалды. Одан бөлек алдағы уақытта ғимараттардың соғылу жұмыстарына қатаң қадағалау жүргізу керек деген шешім қабылданды.
Бұл апат біздің мемлекет үшінде табиғи апаттардың айтып келмейтіндігіне тағы да бір айқын мысал болды деп ойлаймын. Себебі елмізде қаңтар айында болған жер сілкінісі кезінде, біздің табиғи апаттарға қаншалықты дайын емес екендігіміз көрінді.
Мысалы 2024 жылғы жағдай бойынша Қытай, Жапония, Тайвань, Оңтүстік Корея және Израильде ұлттық жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйелері бар. Яғни, жер сілкінісі кезінде арнайы сиреналар ойнап, тұрғындарға қауіпсіз жерге қоныстану керектігін ескертеді.
Дереккөз: сайт
Ескертпе: Табиғаттың қаһары және күші
Тайваньдағы жер сілкінісі адамзат баласы табиғат күшінің алдында қауқарсыз екенін көрсетті. Біз жер сілкінісінің нақты қашан, қай күні, сағат нешеде болатынын анықтай алмаймыз. Алайда, алдын-ала сақтандыру шараларын жасап, апатқа дайын болуға тырыса аламыз. Себебі жер сілкінісі кезінде әрбір секунд маңызды. Ол кем дегенде бір жанның өмірін құтқарып қалуға көмектеседі немесе керісінше қайғылы қазаға әкеледі.
Тайвань жұрты бұл апатты жұмылған күш пен бірліктің арқасында өткеріп кетері сөзсіз. Алдағы уақытта бұндай зілзалаға қазіргіден де жоғарғы деңгейде дайын болады деп үміттенемін.
Тарлан Диана
SDU Журналистика мектебінің 1 курс студенті
Мақала өте жақсы жазылыпты. Факттар да, теориялар да жеткілікті