///

Қазақстандықтар не үшін декларация тапсырады? Мемлекеттік кірістер комитетінің жауабы

4365 рет қаралды

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларация енгізілді. Кезең-кезеңімен деп айту себебі — жыл сайын декларация тапсырушылар қатарының кеңіп, төрт кезең нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлерден бастап, студенттерге дейін декларация тапсыруға міндеттеу.

Декларация деген не?

Түсінікті тілмен айтсақ, бұл сіздің табысыңыз туралы есеп. Осы есепке сай салық міндеттемеңіз анықталады.

Бұл салық салынатын жеке тұлғаның табысы туралы есеп жеке тұлғаның салық декларацияларында, сондай-ақ уәкілетті органдардың және жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің туындауына әкеп соғатын үшінші тұлғалардың деректері бойынша ол көрсеткен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын айқындау мақсатында қолданылады.

Жалпыға бірдей декларацияның негізгі мақсаты:

  • әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
  • жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
  • сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

Кезеңдері:

Бірінші кезеңде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырды;

Екінші кезеңде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субъектілері және олардың жұбайлары табыс етті;

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап  декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары табыстайды;

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың басқа санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және т.б.) табыс ететін болады.

Декларацияда жеке тұлғалар келесі ақпаратты көрсетуі керек:

  1. Күнтізбелік жыл ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған кірістер;
  2. Салық шегерімдері;
  3. Мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алуға және (немесе) иеліктен шығаруға және (немесе) өтеусіз алуға;
  4. Жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талаптар, оның ішінде Салық кодексінің 351-бабындаайқындалған салық шегерімі қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің ұсынуына жеке тұлғаның келісімін көрсете отырып;
  5. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына қолданыста болған АЕК-тің мың еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша; есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы мүлікке:
  • Мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын не құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлікке;
  • Эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарға;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі.

Декларация туралы сұрақтарға ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ жауап берді. Актуалды сұрақтар мен комитет жауаптарын ұсынамыз:

С: Егер мен декларацияны дұрыс толтырмасам не болады?

Ж: Азаматтар кез келген қателерді немесе дәлсіздіктерді қосымша декларация беру арқылы өз бетінше жоюға құқылы. Салық кодексінің 48-бабына сәйкес талап қою мерзімі үш жыл.

С: Менде қымбат гауһар алқа бар. Оны декларацияда көрсету керек пе?

Ж: Сіз 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша бағалау құны 3,4 млн. теңгеден (1000) АЕК) асатын кез келген қымбат мүлікті декларацияда көрсетуге құқығыңыз бар. Бағалау декларацияны тапсырғанға жасалған болуы қажет (15 қыркүйекке дейін), бұл ретте Сіз бағалауды кез-келген бағалау компаниясында жасай аласыз.

С: Неліктен декларацияда тек 10 000 АЕК дейінгі қолма-қол ақша көрсетіледі?

Ж: 2023 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86% – ға өсті. Банк карталары ересектерден бөлек балаларға да арналған. Айналымдағы қолма-қол ақшаның көлемі аз екенін ескере отырып, декларациялау кезінде әрбір азамат 34,5 млн. теңгеден (10 000 АЕК) аспайтын сомада қолма-қол ақшаны көрсетуге құқылы.

С: Салық органдары шетелдік көздерден түсетін кірістер туралы қалай біледі?

Ж: Автоматты ақпарат алмасу туралы көпжақты келісімге сәйкес, 2021 жылдан бастап Шетел банктеріндегі шоттарға түскен қазақстандық азаматтардың табыстары туралы 80 елден мәліметтер келіп түседі (мәліметтер: банк шоттарындағы ақша қаражатының қалдығы; алынған дивидендтердің сомалары; активтерді және басқа да кірістерді сатудан түскен түсімдердің сомалары және т.б.). Ағымдағы жылы ғана шетелдік банктердегі кірістерге  камералдық бақылау қорытындысы бойынша 568 салық төлеушіден  3 млрд.теңге салық өндірілді.

С: Маған Қазақстан Республикасында басқа қалада бар жылжымайтын мүлікті көрсету керек пе?

Ж: Қазақстанда тіркелген мүлік декларацияда көрсетілмейді, өйткені мемлекеттік органдарда бұл ақпарат бар.

Декларацияда жылжымайтын мүлік құрылысына төлем шотына енгізілген ақшалай қаражат үлестік құрылысы болуы, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс болған жағдайда 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша жүргізілген бағалаудан кейін құны 1000 АЕК-тен асатын өзге мүлік ретінде көрсетіледі.

Қалай және қашан?

Декларацияны тұрғылықты жеріңіз бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыру қажет.

Декларацияны «Салық төлеуші ​​кабинеті» (kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» веб-порталы, eSalyq Azamat, Halyk, Центркредит Банкі (БЦК) мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште қолма-қол кірістер органдарына барып және халыққа қызмет көрсету орталығына немесе пошта арқылы жолдап тапсыруға болады.

«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы Декларация» салық есептілігін толтыру жөніндегі бейне нұсқаулық 

https://www.youtube.com/watch?v=yO53JwkdVMs

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар