/

Онлайн сөздіктердің жай-күйі

4633 рет қаралды
33

Бұл шолуда тек қана онлайн аударма сөздіктеріне тоқталамын, соның ішінде тек қана ақысыз қолдануға мүмкіншілік беретін ресурстарды қарастырамын. Өйткені қазақ тілінде ұсынылған онлайн түсіндірме не энциклопедиялық сөздіктер тіпті жоқ, ал ақылы сөздіктер менсіз де өз тұтынушысын таба жатар.

Бұрыннан таныс, көпшілік қолданатын (жағымды, жағымсыз пікірлерді қатар алып жүрген) http://sozdik.kz/ -тен басқа интернет кеңістік бізге не ұсынатына шағын шолу жасап көрейін.

1. Қазақша – Ағылшынша – Орысша Сөздіk http://massagan.com/sozdik.php

Сайт иелері сөздікке мынадай сипаттама береді:

–         Сөздік қоры 10,000нан асады.

–         3 тілді меңгерушілерге арналған.

–         Ақпараттық технология терминдері, Мұнай терминдері мен Қазақша іс қағазын жүргізушілерге арналған сөздер толығымен қамтылған

–         Интернеттегі 3 тілдік ең үлкен сөздік.

–         Ұқсас сөздерді де табады.

2. Н.Т. Сауранбаевтың орысша қазақша сөздігінің негізінде жасалған  http://www.kaz-rus.kz/ сөздігі.

3. Яндексті де  http://slovari.yandex.ru/ қолданып қазақша-орысша, орысша-қазақша  сөздердің аудармасын жасай  аласыздар.

Осыдан басқа ешнәрсе жоқ болғаны ма? Егер сіздер жақсы сөздіктерді білетін болсаңыздар сілтемесін жіберуді өтінемін.

Ешкім білмейтін, ешкім қолданбайтын, ешнәрсені аудармайтын http://perevod.nur.kz/ ті айтпай-ақ та қойса болады. Мен енгізген сөйлемдерге аударма жасап бермеді.

Жеке сөздерді аудару мүмкіндігін беретін ресурстарға рахмет әрине, бірақ бұл кешегі күн екенінде сөз жоқ. Сөйлемдерді, шағын мәтіндерді аударатын онлайн ресурстарға қашан қол жеткіземіз? Қазақ тіліндегі түсіндірмелі сөздіктер мен энциклопедиялық сөздіктер қашан интерент кеңістігіне шығады?

Өкінішке орай бұл сұрақтарға кім жауап бере алатынын да білмейді екенмін.

Сонымен сіз қандай онлайн сөздікті қолданасыз? Осы жазбаның соңына пікірлеріңізді қалдырып ой бөлісуге шақырамын.

PS: Енді-енді басталып келе жатқан http://www.termin.kz/ деген жоба бар. Орта жолда қалып қоймай жақсы деңгейдегі сөздік болады деп сенгім келеді.

Бақытгүл Салыхова  baqytgul@gmail.com

Парақшамызға жазылыңыз

33 Comments

  1. Бұл жерде http://sozdik.kazakhsoft.com/ қытайша-қазақша 220 мың сөздік қоры бар онлайн сөздік бар. Бұл сөздік жақында Алматыда өткен Блог құрылтайға орай тегін пайдаланылуға берілді.

  2. Меніңше ешқандай сөздік “Қазақсофт” сайты жасаған қытайша-қазақша сөздікке жетпейді екен.

  3. soylem.kz – “ручки” сөзін “ручкалар” деп аударып береді)))))) ал онлайн-сөздіктер туралы айтатыным ө қазақ тілін білмейтіндерге олардың пайдасы жоқ, қазақ тілін білетіндерге олардың керегі жоқ!!!!

  4. Бұл ойыңыз да дұрыс болар, бірақ онлайн сөздіктердің түр-түрін дамыту керек деп ойлаймын.

  5. Иә, қазақтардың қолдануына көрімдеу интернет сөздіктің жоқ екенін мен де байқаған едім.Содан өзімше сол бағытта бір жоба бастаған едім ол соғұрлым оңай шаруа емес болып шықты.Әйтеуір бүгін болмаса да алдағы бірнеше жылдарда аманшылық болса қазақ интернетіне сөздік қосатын боламын деп сенемін.Бұл мәселенің қозғалуына түрткі болған Бақытгүл Салыхова сізге алғысымды айта кетуді жөн көремін.

  6. Сөздік демекші, мына қазақстан телеарнасындағы белгілі бағдарлама Сөзмергенде айтылып жататын қазақтың көнеріп қалған немесе ұмытылуға шақ қалған әдемі сөздерін эфирде ғана айтумен шектелмей сол сөздерін жинақтап шағын бір вэбсайтқа орналастырып,халыққа паш етіп,жариялап тұрса екен деп ойлаймын

  7. Рахмет сізге. Әрине сөздік жасау оңай емес. Енді “Сөзмергеннің” интернеттегі нұсқасын жасау сол бағдарламаны жүргізушілер мен дайындаушылардың қолында сияқты.

  8. wetelde oqyp jatkan qazaqtar ~sozdik.kazakhsoft.com~ saityn qoldana almaidi ma? turli programmalar arqyly kirip kordim. biraq natije joq. kire almadim. men qitaida oqyp jatyr edim. qytaiwa-qazaqwa sozdik kerek edi. ol saitqa qalai kiruge bolady?

  9. Ассалаумағалейкум!
    Қалайсыздар? Сіздерді қазақша-ағылшынша сөздікті қолдануға шақырамын. Қазақ тілін дамыту мақсатымен ашылған жобаға қолдау білдіріп, өз қажетімізге жаратайық! Ана тіліміздің мәртебесін бірге асқақтатайық! Сөздік ел игілігіне қызмет етсін! Қазақ тілі жасасын!!! Ана тіліміз жасасын!!! Алла Тағала “Лұғатқа” ақ жол берсін…

    Құрметпен: “Лұғат” ұжымы

  10. Сөздіктің ел игілігіне қызмет етуі үшін, сіздер оны жетілдіре берулеріңіз қажет сияқты, сөздік қорын одан да көбейтіп, cөздердің мағыналарын нақтылап, синонимдерін беріп, т.с.с жұмыстар сіздерді күтіп тұр ғой. Мысалы, “advanced” сөзі тек қана “алдыңғы” деп аударылған, бірақ бұл сөздің оншақты аудармасы бар ғой . Сондықтан сіздер де ел игілігіне ерінбей жалықпай қызмет етіңіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

  11. Бақытгүл, сізге көп рахмет. Сын-ескертпеңізге мың да бір алғыс. Әлбетте, кемшіліктерден адамыз дей алмаймыз. Дегенмен, сын түзелмей мін түзелмес деген ғой атам қазақ. Қоғам тарапынан қолдау мен сұраныс жоғары болса, “Лұғаттың” да алға басары хақ. Тек бізге халықтың сын-ескертпелері мен ұсыныстары маңызды екенін айтқым келеді. Ойларыңыз бен алып-қосарларыңыз болса manager@lugat.kz поштасына хат жолдаңыздар. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды асыға күтеміз.
    Біздің торап http://lugat.kz/ мекен-жайында екенін естеріңізге саламын.

    Құрметпен: “Лұғат” ұжымы

  12. Қолданушылар ойларын айту үшін сайттарыңызға байланыс поштасын қойсаңыздар жақсы болар еді. Сонымен бірге қолданушылардың өздері де аудармаларды қосу мүмкіндігі қарастырылса артық болмайтын сияқты.

  13. Бақытгүл, сізге көп рахмет. Алла разы болсын. Сын-ескертпелеріңізге шексіз алғысымды білдіремін. Бұл ұсыныстарыңыз міндетті түрде ескеріледі. Бізге керегі де осы, яғни халықтың пікірі. Біздің де көксейтініміз ана тіліміздің аясын неғұрлым кеңейте түсу. Мұндай онлайн сөздіктер біздің ойымызша қоғамға қажет-ақ. Сондықтан, баршаңызды “Лұғатты” демеп аяғынан тік тұрып кетуіне жәрдем беруге шақырамын. Тағы да шексіз ризашылығымды білдіремін. Ойларыңыз бен алып-қосарларыңыз болса manager@lugat.kz поштасына хат жолдаңыздар. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды асыға күтеміз. Біз үшін әрбір ой қымбат. Біздің торап http://lugat.kz/ мекен-жайында екенін естеріңізге саламын.

    Құрметпен: “Лұғат” ұжымы

    • Сұрағыңа рахмет, тешекүр етерміз, ондай сөздікті кездестірмедік. хабарласып тұрыңыз.

  14. яндекстің сөздігі ұмыт қалыпты ғой 🙂 ол жерде қазақша – орысша, орысша – қазақша аудармалар жасауға болады http://slovari.yandex.ru/

  15. Мен аударма ісінде мәтін жағынан өзі қиындық көрмедім, тек кейбір сөздердің мағыналарын әржақты пайдалануда sozdik.kz -ке жүгіндім. Дегенмен басқа да сайттардың барынан хабардар болсам да сөздің кейзетке үйреніпқалыппын..Жоғарыда келтірілген онлайн сөздіктерге жүгініп олар жайлы жаза жүрермін! Бақытгүлге үлкен рахмет!

  16. Онлайн-сөздіктер түкке алгысыз! Өз бетіңше аударган дұрыс. “Сенің арқаңда күн көремін” – “Тілмәшқа” салып көрсеңіз былай аударып береді: “Твоя спина солнце вижу”… немесе “Ремонт поломок женской обуви” – “Бұзылған әйелдер аяқкиімдерін жөндеу”… Білімі шала-шарпы адамдар осы аудармаларды дұрыс деп қабылдап, сол күйінде алады да күлкіге ұшырайды!

  17. Кешірерсіз, бірақ сөздік пен аудармашының айырмашалағы бар екенін ескергейсіз. Сіздің тілге тиек еткен мәселеңіз онлайн сөздіктің қызметіне жатпайды. Ол аудармашының міндеті мүмкін сіз айтқандай қатесі. Онлайн сөздіктер негізінен сөздер мен сөз тіркестерінен тұрады.

  18. Осы сөздік көрсетіліп кетті ме? Тіл комитетінің сайтында орналасқан –
    http://til.gov.kz/wps/portal/!ut/p/c1/04_SB8K8xLLM9MSSzPy8xBz9CP0os3hTA3cDA3fLYCNDd38jA6MwR6MAUw8vQwNLE_1wkA6zeD9_o1A3E09DQwszV0MDIzMPEyefME8DdxdjiLwBDuBooO_nkZ-bqh-cnR3v7a1fkJ2d5uioqAgAmBu60w!!/dl2/d1/L2dJQSEvUUt3QS9ZQnB3LzZfNTBHMDBHOVMySDU0RTAyVklUTFQxTDMwNDU!/

    Қазақша-орысша сөздiк 126108 мақала
    Орысша-қазақша сөздiк 118846 мақала
    Ағылшынша-орысша сөздiк 101053 мақала
    Орысша-ағылшынша сөздiк 52412 мақала
    Ағылшынша-қазақша сөздiк 22076 мақала
    Қазақша-ағылшынша сөздiк 21310 мақала
    Қазақша -орысша -ағылшынша сөздiк 21488 мақала
    Орысша -қазақша- ағылшынша сөздiк 68028 мақала
    Ағылшынша- қазақша -орысша сөздiк 94243 мақала

  19. Cambridge is in the east of England.It is a small city.The population is about a hundred thousand.Cambridge is an ancient city.It is famous because it has a very good university.The mail Industries in Cambridge are tourism and agriculture.There are also a lot of English language schools.The land near Cambridge is flat. There are no hills or mountains.The climate is warm in summer and cold in winter.And there is usually some air pollution,especially in the centre of the city

  20. Сәлеметіздер ме.
    Кейбір қазақша мақалдардың орсшасн былмеймін.
    Мысалы: Тойға барсң, тойып бар.
    жағыз бұл емес, тағы бар еді, дәл кәзір есіме түпей тұрғаны))))))
    Ондай аударғыш бар ма?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар